15
1. Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым. Осы сөздер қай
шығарманы есіңе түсіреді? Әрқайсысы туралы өз ойыңды білдір.
2. Ертегіні түсініп оқы.
Құмырсқаның қанағаты
(Ертегі)
Ертеде бір ғұлама болыпты. Ол барлық халықтың,
жан-жануардың, жәндіктің, өсімдіктің тілін түгел біле-
ді екен.
Бір күні ғұлама бақ ішінде келе жатып, құмырсқаның
илеуіне тап болады. Ол бір құмырсқаны ұстап алады да:
– Сенің белің неге жіңішке? – деп сұрайды.
– Қомағай емеспін, – дейді құмырсқа.
– Егер саған бидайдың бір дәнін берсем, қаншаға
жеткізер едің? – деп сұрайды.
– Бір жылға жеткізер едім, – депті құмырсқа.
Ғұлама құмырсқаны сауытқа салып, қасына бидай-
дың бір дәнін қояды.
Бір жыл өткен соң, сауытты алып қараса, құмырсқа
бір қырынан бүк түсіп, қимылсыз жатыр екен. Қасында
бидай дәнінің жартысы қалыпты. Әрі-беріден кейін
бірте-бірте мұртын, аяғын қимылдатады да, құмырсқа
орнынан тұрады.
– «Бір дән маған бір жылға жетеді» деп едің. Жыл
өтті, ал сен дәннің жартысын ғана жепсің. Оның қалай? –
деп сұрайды ғұлама.
– Иә… Ол дәнді бір жылда жеп бітірсем, қазір менің
халім әлдеқайда жақсы болған болар еді. Бірақ сен бір
Достарыңызбен бөлісу: