Оқулық Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi ұсынған



Pdf көрінісі
бет18/99
Дата31.12.2021
өлшемі4,95 Mb.
#23387
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   99
Байланысты:
52 (1)

2. Мәтінді түсініп оқы.
Қамқорлық
Қолында аша ағашы бар сұр кепкалы бала жақындай 
түссе  де,  балапан  торғай  бейқам  отыра  берді.  Тек 
аяғының  астындағы  шарбақ  ағашы  сақ  ете  түскенде, 
ол селт етіп, шошып қалды. 
Жантас екінші рет атып үлгергенше балапан торғай 
жанталасып ұша жөнелді. 
Балапан  торғай  алыс  шырқап  ұша  алмайтын  еді. 
Көшенің ар жақ бетіндегі бір шоқ талға талықсып әрең 
жетіп қонды. Жүрегі кеудесіне сыймай дүрс-дүрс соқты. 
Жантас ентелеп тағы жетті. Зақпысын жүгіріп келе 
жатқан  бойда  оқтап  алды  да,  қалт  тұра  қалып  және 
атты. Тас бұл жолы зу етіп, балапанның төбесін жалап 
өтті. Ол көзін жыпылық еткізіп, бұға қалды. Бала бала-
пан торғайдың қыр соңынан қалмады, ауылды шыр ай-
налдырып қуа берді. Өкпесі өшіп әлсіреген балапанның 
енді көтеріліп ұшуға халі де қалмады. 
Үрейі  ұшқан  балапанның  жүні  үрпиіп,  дуалға  жа-
быса  түсті.  Әлсіз  аяқтары  сырғанақтап,  сүріне  құлап, 
«Аяшы!», «Атпашы!» деп жалынғандай шыр-шыр ете-
ді.  Бірақ  безбүйрек  Жантас  оған  құлақ  аспады.  Қол-
созым жерде тұрып атқылай бастады. 
Кенет Жантастың арт жағынан: 
– Әй, о немене? – деген дауыс саңқ ете қалды. Жалт 
қараса, Қожа жүгіріп келеді екен. Жантас балапанды 
тездетіп  тағы  бір  атып  жіберді.  Егер  осы  атқанда  да 
 тимесе, онда бас салып Қожадан бұрын ұстап алмақ.
Бірақ  бұл  жолы  атылған  тас  иесінің  жауыз  ниетін 
құптап ұшты. Дәл топшысынан дөп тиген тас балапан 
торғайды домалатып түсірді…
Торғайды  Қожа  ұстап,  мәпелеп  үйге  әкелді.  Га-
зет  бетіне  нанның  үгіндісін  сеуіп,  «же»  деп  торғайға 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


22
апарды. Бірақ балапан жемек түгіл, басын оңды-солды 
бұрып, татып алмады. 
Қожаның босатып қоя беруі мұң екен, балапан жор-
ғалап барып кереуеттің астына еніп кетті... 
Бердібек Соқпақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет