Оқулық Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi ұсынған


 Мәтінді түсініп оқы. Алмастың ағашы



Pdf көрінісі
бет28/99
Дата31.12.2021
өлшемі4,95 Mb.
#23387
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   99
2. Мәтінді түсініп оқы.
Алмастың ағашы 
Биыл қалада шілде өте ыстық бол-
ды.  Балалардың  жаңбырды  аң са-
ғаны  сонша,  қайта-қайта  ас пан-
ға  қарағыш тай  береді.  Көк тен 
тек шаңытқан күнді ғана көреді. 
Көздері  жыпылықтап,  танау
 
ла-
ры желбіреп, көлеңке іздейді. 
Әрине,  мұндайда  жапырағы 
қою  ағашқа  не  жетуші  еді. 
Жел  жоқ  болса  да,  ағаштар  жа-
пырағын  қимылдатып,  желпігендей  болады.  Ал  Ал-
мастар  тұратын  жаңа  ықшамауданда  ағаш  әлі  аласа. 
Көкесі кеше кешкі тамақ үстінде: 
– Таңертең күн салқын, ауа таза. Ерте тұрған адам 
күні  бойы  онша  ыстықтамайды.  Жұмысты  да  өнімді 
істейді, – деді. Алмас оны құлағына құйып ала қойды.
Алмас ертеңіне ерте тұрып, киініп далаға шықты. Аула-
да  бірде-бір  бала  жоқ.  Маңай  тып-тыныш.  Күн  салқын. 
Ауа тап-таза екен. Мәдениет сарайын бір айналып келді. 
Салқын  ауаның  әсерінен  қайнаған  ыстықты  онша 
елемеген секілденді. Ол осы күннен бастап ерте тұруды 
әдетке айналдырды. Көкесі мен апасы:
–  Үшінші  кезекте  тау  ішіндегі  лагерьге  жібереміз, 
әзірше осылай дағдылана бер, – десті.
Алмас күнде таңертең тұрып, Мәдениет сарайының 
маңында  серуендейтін  болды.  Бір-екі  бала  ілесіп  еді, 
уәделерінде  тұрмады.  Ұйықтап  қала  берді.  Бір  күні 
Алмас  жол  жағасындағы  шөптің  сытырлап  жанып 
жатқанын көрді. 
Жалын сумаңдап, көктемде отырғызылған ағаштың 
түбін орай бастапты. Алмас енді шыдай алмады, жетіп 
барып, табанымен отты таптай бастады. От оған бой бе-
ерте тұру
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


36
рер емес. Жас ағаштың қабығын жалап үлгерді. Алмас 
футболкасын шешіп алып, сонымен ұрды. Әзер дегенде 
өшірді.  Ақ  футболкасы  қап-қара  күйе  болды.  Бір-екі 
жері  тесіліп  те  қалды.  Оған  өкінген  жоқ.  Әйтеуір  іс 
тындырды ғой. 
–  Жарайсың,  балам!  –  деген  дауысқа  жалт  қараса, 
таяғына сүйенген қарт кісі екен. Ерте тұратындардың 
бірі – осы кісі.
– Мына ағаш енді сенікі болсын, балам! – деді қарт. 
– Өзің қарап, сақтап жүр енді. Атың кім?
– Алмас.
– Енді мұны «Алмастың ағашы» дейміз. Қай сынып-
та оқисың?
– Күзде екіншіге барамын.
–  Ой,  айналайын.  Мен  сені  үшінші  не  төртінші 
оқитын шығар десем… Таудай болып өсе бер, қарағым…
Ақ футболка ештеңеге жарамай қалды. Көкесі мен 
апа сы бұл ісі үшін ұрысқан жоқ, қайта құптады. Алмас 
әлі күнге дейін ерте тұрады. Мәдениет сарайын ай на ла 
жүгіріп шынығады.  
 
   
Мархабат Байғұт


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет