Оқулық Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi ұсынған



Pdf көрінісі
бет30/99
Дата31.12.2021
өлшемі4,95 Mb.
#23387
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   99
Киіктің айласы
1. Өлеңді түсініп оқы.
Ақсақ киік
Арқаның Бетпақ деген даласы бар,
Бетпақ – шөл, ойлы-қырлы панасы бар. 
Сол шөлде ел жоқ,  күн жоқ өсіп-өнген 
Жәндіктің киік деген баласы бар.
Киікті қазақ және дейді бөкен,
Бетпақты бұл бейшара қылған мекен.
Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім
Өзге аңға жануарды тең көрмедім. 
Көздері мөлдіреген ақбөкенді 
Адамның баласынан кем көрмедім.
 
 Сәкен Сейфуллин
2. Оқылатын шығармада қандай оқиға туралы айтылатынын 
болжап, өз ойыңды дәлелде.
3. Мәтінді түсініп оқы.
Киіктің айласы
Әрбір жабайы аң мен жануардың жауларынан сақ та-
натын қару-құралы немесе айла-тәсілі болады. Қасқыр-
дың қаруы – тіс, қабанның қаруы – азу. Ақбөкен сияқ ты 
жануарларда  ондай  қару  жоқ.  Олардың  сүйенері  –  аяқ-
тары. Қасқыр қуса, олар қашып құтылады. 
Күз айының шуақты бір күні еді. Сәске кезінде бір 
топ  киік  өзінің  лақтарын  ертіп,  суатқа  келді.  Олар 
жапа-тармағай су іше бастады. Тоғай тасасында бір топ 
аш қасқыр оларды аңдып, күтіп отырған. 
Қасқырлар ауыздарын арандай ашып, киіктерге тап 
берісті. Дүр етіп үріккен киіктер жоса жөнелді. Ал бір 
Мәтіннен қажетті ақпаратты тауып, 
белгі қоясың.
13
ақбөкен
құралай
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


39
ақсақ  теке  олардан  дараланып,  судың  шығыс  жағына 
қарай  бөліне  қашты.  Көп  киіктің  алыстап  кеткенін 
көрген  қасқырлар  «бұйырғаны  осы  болды»  дегендей, 
тұс-тұсынан текеге лап қойды. Теке шоқақтай жортып, 
қасқырлардан  қарасын  үзер  емес.  Таяқ  сілтем  жерде 
ғана  кетіп  барады.  Әне  жетем,  міне  жетем  деп  қуған 
аш  қасқырлар  шаршап,  талықси  бастады.  Қасқырлар 
баяуласа, теке оларға қарап тұра қалады. Аш бөрілер 
салпақтап тағы қуады. Осы шоқырақпен олар өзеннен 
жиырма  шақырымдай  ұзап  шықты.  Бір  уақытта  әлгі 
ақсақ теке орғып бір-екі секірді де, белден асып ғайып 
болды. Үздік-создық ырсылдай діңкесі құрыған қасқыр-
лар тілдері салақтап, әр жерде шоқиып отырып қалды. 
Әлгі теке, шынында, ақсақ емес еді. Өзінің үйірін, 
буыны  қатаймаған  лақтарын  аман  сақтап  қалу  үшін 
өтірік  ақсап  айла  етті.  Сөйтіп,  ол  қасқырларды  басқа 
жаққа адастырып әкетті. Киіктің бір текесі он шақты 
қасқырды осылайша алдап кетті. 
Дала  жануарларының  ішінде  ақбөкеннен  жүйрігі 
жоқ. Өздері мейлінше сұлу болады. Қой секілді, олар 
да шөп жеп қоректенеді. Олардың адамға ешбір залалы 
жоқ.  Киіктің  жаңа  туған  лағын  құралай  деп  атайды. 
Оны атпайды. 
Әуелбек Қоңыратбаев
4. Түсініп оқы, мәтіннің авторы туралы әңгімеле.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет