106
Аспалы бақтың құрылысына патшалықтың күш-
қуаты жұмылдырылып, тәжірибелі құрылысшылар
мен математиктер қатысқан. Бірнеше қабаттан тұратын
бақтың табанына тас төселіп, оның үстіне қамыс
жайылған. Су өтпес үшін қамыс үстіне асфальт және
қақталған қорғасын жабылған. Мұның үстіне зәулім
ағаштың өзі тамыр жайып шығатындай етіп топырақ
төгілген. Бұл жасанды жолмен жасалған бақта жұбайлар
қыдыратын, демалатын, тамақтанатын. Патшайым
бақтың ең үстіңгі қабатында судың сылдырына рақаттана
құлақ түріп отыратын. Ал бұл су Евфрат өзенінен канал-
дар жүйесі арқылы келетін. Патшайымның сұлу бейнесі
ұрпақтар есінде көмескі тартып, Ассирияның әйел пат-
шасы есі мімен астасып сақталған. Сондықтан да аспалы
бақты «Семирамида бағы» деп атайды.
«Әлемнің 7 және 37 кереметі» кітабынан
3. Суретке зер сал. Мұнда аспалы бақтың қазіргі нұсқасы
бейнеленген. Мәтінмен салыстыр.
«Вавилонның
аспалы бағы»
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217