Құрмалас сөйлемді оқыту



бет1/15
Дата25.11.2023
өлшемі2,03 Mb.
#125753
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
9-дәріс- Дәріс Құрмалас сөйлемді оқыту

Құрмалас сөйлемді оқыту

Ойын бойынша сыйға берілетін кітаптар

Сергіту сәті

  • 1-ойын: Құрмалас сөйлемдерді: саб сал ажырату
  • https://wordwall.net/ru/resource/54778611/%D1%81%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%81-%D1%81%D0%B0%D0%B1%D0%B0%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%81-%D2%9B%D2%B1%D1%80%D0%BC%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%81-%D1%81%D3%A9%D0%B9%D0%BB%D0%B5%D0%BC%D0%B4%D0%B5%D1%80
  • 2-ойын:
  • https://wordwall.net/ru/resource/39004066/%D1%81%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%81-%D2%9B%D2%B1%D1%80%D0%BC%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%81-%D1%81%D3%A9%D0%B9%D0%BB%D0%B5%D0%BC%D0%B4%D0%B5%D1%80

1.

1.

Қазақ тіл білімінің синтаксис саласының қалыптасуы мен дамуында өзіндік із қалдырған ғалым – Ахмет Байтұрсынұлы.

Төл тілтануымызда синтаксистік ізденістер ғалымның 1925 жылы Қызылордада басылып шыққан «Тіл – құрал. Сөйлем жүйесі мен түрлері» деп аталатын кітабынан басталады.

Кітап екі бөлімнен: сөйлем мүшелері және сөйлем түрлерінен тұрады. Еңбекте ғалым тіл білімінің синтаксис саласының теориялық мәселелерімен қоса, оны меңгерту жолдарын да қарастырған. Қазіргі қазақ тіл білімінің синтаксис саласындағы жетістіктер мен жаңалықтар А.Байтұрсынұлының идеяларынан бастау алатыны зерттеушілер тарапынан айтылып та, жазылып та жүр. Ғалым сөйлем мүшелері мен сөйлем түрлерін айқындап, құрмалас сөйлемдер жайында тұжырым жасады. Қазақ тілі синтаксисінің терминологиялық тұрғыдан қалыптасуына еңбегін сіңірді.

Ғалым сөйлем мүшелерін талдап көрсетуде сұрақ-жауап әдісін өте ұтымды қолданған. Тілші сөйлем мүшелерін оның ішкі және сыртқы белгілеріне қарап табуға үйрете отырып, оны нақты мысалдармен дәйектеп түсіндіреді.

  • Ғалым сөйлем мүшелерін талдап көрсетуде сұрақ-жауап әдісін өте ұтымды қолданған. Тілші сөйлем мүшелерін оның ішкі және сыртқы белгілеріне қарап табуға үйрете отырып, оны нақты мысалдармен дәйектеп түсіндіреді.
  • «1-сөйлем: Қой үрікті. Не үрікті? ‒ қой. Бастауыш қой деген сөз болып шықты. Үрікті деген сөз қойдың не істегенін ‒ амалын көрсетіп тұр. ... Енді тысқы белгісімен тауып көрейік. Баяндауыштың тысқы белгісі ‒ «не етпек?», «не қылмақ?», «қайтпек?», «не болмақ?», «нешік?», «немене?» ... негізді сұрауларға жауап беру. Сондықтан бұл негізді сұраулар баяндауыш сұраулары деп аталады», ‒ дей келіп, әрбір сөйлемге жан-жақты талдау жасайды. Ғалымның «Жұмыс», «Сұрау», «Жауап», «Көшіру», «Сөз туғызу», «Жауап жазу», «Айтқаннан жазу» (жат жазу), «Құрастыру», «Жаттау», «Жалғаулау», «Нұсқа» және т.б. айдарлармен берген тапсырма жұмыстары оқушыға тілді жан-жақты әрі терең меңгертуге баса мән бергенін байқатады. Ғалым ұсынған бұл тапсырмалардың қазіргі таңда оқушының логикалық ойлауын дамытуға бағытталған тапсырмалармен үндесіп жатқанын байқауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет