2. Мәтінді түсініп оқы.
Қараторғай Көктем күнінің жылы, жарық сәулесі жерге түсіп,
қар еріп жатыр. Күнгей жақтың қары ери бастады.
Қарға ұзақ қарқылдап жүр. Қамбар ата бірдеңе істеп
отыр. Қасында балалар жүр.
– Ата, не істеп жатырсыз?
– Қонағыма үй істеп жатырмын.
– Сіздің қонағыңыз кім?
– Қонағымды көрерсің.
– Қонағыңыз қандай?
– Қонағым қол басындай, мінезі қорғасындай, – деп
қарт жымияды. Қарттың сөзін түсіне алмай, балалар
тұрып-тұрып тарасты.
Қар кетті. Көк шықты. Күн ашық. Бір топ қара-
торғай ұшып келе жатыр. Ауылдың үстіне келіп жалт
бұрылды, олай-бұлай айналды.
Биік ағаштың басында Қамбар атайдың кішке-
не үйшігі қалқиып тұр. Қараторғайлар ұшып ауылға
келді. Біреуі барып үйшіктің аузына қонды. Жан-
жағына жалтақтап қарады да, үйшіктің дөңгелек
тесігінен ішіне кіріп кетті.
Өзге торғайлар да ағаш-ағаштың басынан орын алып,
ұшып-қонып жүр. Бауда көк шөптің арасында жыбыр-
лап қоңыздар жүр еді. Қараторғайлар ағаштан түсе-түсе
қалып, қоңыздарды теріп жей бастады. Шалшықтан су
ішіп, демалуға ағаш басына барып қонды. Тынығып
алған соң, ән салды.
Манағы үйшікке кірген торғай сонда мекендеп алды.
Күзге шейін кетпеді. Қамбар атай шөп шапса, қара-
торғайы шегіртке қырады.
Құрт, шегіртке, инелік, маса, шыбын – бәрі де егіннің
жауы ғой. Сол жаулардың бәрін қараторғай құртады.
Қараторғайдың пайдасы ұшан-теңіз.
табиғатты
қорғау
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
19
Қамбар атайдың «қонағым қол басындай, мінезі
қорғасындай» дегені – сол қараторғай екен.
Жүсіпбек Аймауытов