27
Айтшы
өзің анығын,
Не үшін тұрсың сен енді?!
Қабығы:
Терегім-ау, терегім,
Қайтып алғын сөзіңді.
Жоқ
болса егер керегім,
Жоғалтайын көзімді.
Терек:
Айтар
болсам шынымды,
Қабықсың бар болғаны.
Менсіз тіпті күніңді
Көре алмайсың сен-дағы!
Қабығы:
Қатты екен тым қарқының,
Жоқ болса егер керегім,
Ашуланбай,
Ал тыным,
Кеттім, қош бол, терегім.
Кенет терек үстінен
Қапа болған сол қабық
Сыпырылып түсті де,
Жатты жолға қамданып.
Болмай ауызбірлігі,
Қабық кетті өкпелеп.
Осылайша, бір күні
Қурап қалды көктерек.
Сорасы
аққан көзінің
Жасын көрсең бүгінгі.
Қателігін өзінің
Терек кештеу ұғынды.
Бейсебай Кірісбайұлы
терек
теректің
қабығы
ауызбірлік
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217