Оқулық Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi ұсынған



Pdf көрінісі
бет48/99
Дата31.12.2021
өлшемі4,95 Mb.
#23387
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   99
Ата сөзі – алтын сөз
1. Түсініп оқы.
Бата – жақсы тілек білдіру. Ол – ұлттық дәстүр. Ба-
таны  көбіне  құрметті  ақсақалдар,  атақты  адамдар  бе-
реді. Тілек ретінде балалар да жаттап алады.
2. «Баталар жарысы» ойыны. Бұл ойында кім көп бата біле-
тіні анық талады.
3. Түсініп оқы.
Алтын сөз
Сәулелі сөз сөне ме?!
Орны бөлек батаның.
Бізге тәлім, өнеге –
Ақ тілеуі атаның.
Мән беріп, ден қойғанда,
Терең ойға батасың.
Шілдехана, тойларда
Береді атам батасын.
Әр сөзінің ақырын
Жақсылыққа тірейді,
Қадап айтып ақылын,
Көпке бақыт тілейді.
Бата сөздің белгілерін білесің.
23
бата
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


64
Кім сүймейді атасын,
Асқар таудай көрінген.
Бөбекке айтар батасын,
Жаттап алған едім мен:
«Жүйрік тілді ақын бол,
Жақсыларға жақын бол!
Достарыңмен тату бол,
Дұшпаныңа қату бол!
Ұсақ болма, ірі бол,
Өз ортаңның гүлі бол!
Ата-анаңның көзінің
Сөнбейтұғын нұры бол!
Кім болсаң да, әйтеуір,
Азаматтың бірі бол,
Туған елдің ұлы бол!»
Ойға тоқы, парқын сез,
Ата сөзі – алтын сөз!
Несіпбек Айтұлы
алтын сөз
Ата сөзі
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


65


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет