95
Көп өтпей жыл,
Тек жүрмей, біл,
Ілгері күнді сағалап.
Үйрен білім жастықта!
Білмесең, жанға қастық та!
Білімге жүгір,
Жоқ ойдан түңіл –
Ерікке қоймай, ентелеп.
Қайтпас уақыт,
Қал дәмін татып,
Бос өткізбе, еркелеп!
Жастық деген – бағасыз,
Қадірін білмес санасыз.
Жастық – алтын,
Құрып қал салтын,
Салты оның – үйрену.
Өнер қуып,
Бел бекем буып,
Надандықтан жирену!
Мағжан Жұмабаев
Бел бекем буып – тәуекел етіп.
6. Түсініп оқы. Өлеңнің авторы туралы әңгімеле.
Мағжан Жұмабаев
(1893–1938)
Солтүстік Қазақстан облысы қазіргі
Мағжан Жұмабаев ауданында туған.
Өлеңдерімен қазақ жастарын оқуға,
білімге, өнерлі болуға шақырған.
Достарыңызбен бөлісу: