Оқулық Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi ұсынған


Қырсыз – жалқау, икемсіз. Қырау түсе бастаған кез



Pdf көрінісі
бет74/99
Дата31.12.2021
өлшемі4,95 Mb.
#23387
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   99
Қырсыз – жалқау, икемсіз.
Қырау түсе бастаған кез – қартая бастаған шақ.
3. Ертегіден көкейіңе не түйдің?
4. Бақыт құсын қайтару үшін Әмзеге қандай кеңес бересің?
5.  Балалық  шақтың  қадірі  туралы  ақын  сөзіне  зер  сала 
тыңда. 
Балалық шақ
Балалық шағың –
Патшаның тағы, 
Тіл жетпес оны бағалап.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


95
Көп өтпей жыл,
Тек жүрмей, біл,
Ілгері күнді сағалап.
Үйрен білім жастықта!
Білмесең, жанға қастық та!
Білімге жүгір,
Жоқ ойдан түңіл – 
Ерікке қоймай, ентелеп.
Қайтпас уақыт,
Қал дәмін татып,
Бос өткізбе, еркелеп!
Жастық деген – бағасыз,
Қадірін білмес санасыз.
Жастық – алтын,
Құрып қал салтын,
Салты оның – үйрену.
Өнер қуып, 
Бел бекем буып,
Надандықтан жирену!
Мағжан Жұмабаев
Бел бекем буып – тәуекел етіп.
6. Түсініп оқы. Өлеңнің авторы туралы әңгімеле.
Мағжан  Жұмабаев 
(1893–1938)  
Солтүстік  Қазақстан  облысы  қазіргі 
Мағжан  Жұмабаев  ауданында  туған. 
Өлеңдерімен  қазақ  жастарын  оқуға, 
білімге, өнерлі болуға шақырған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет