МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫ (1885–1935) Қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам
қай раткері, ақын, жазушы, көсемсөз шебері
Мір жақып Дулатұлы бұрынғы Торғай облысы
ның Жангелдин ауданындағы Қызбел деген жер
де 1885 жылы 25 қарашада дүниеге келген.
Бала кезінде Міржақып Дулатұлы ауыл мол
дасынан оқып хат таниды. Молдадан екі жыл
оқығаннан кейін 1897–1902 жылдары ауыл мек
те бінде орысша оқытатын Мұқан деген мұғалім
нен дәріс алады.
Міржақып Дулатұлы – әдебиеттің әртүрлі
жанрына қалам тартқан қаламгер. Алғашқы
кітабы – «Оян, қазақ!» деген атпен Петербург
қаласында жарық көрген өлеңдер жинағы. Одан кейін 1913 жылы Орын
борда «Азамат», ал 1915 жылы «Терме» атты кітаптары басылып шығады.
Ақын өлеңдерінің басты тақырыбы – ел тағдыры болды. Алғашқы кітабы
«Оян, қазақ!» жұртшылық арасында ауызданауызға, қолданқолға тез
та рап кетеді. Қайта басылады. Кітаптың нeгiзгi мазмұнын халықты
ояту ға, әділетсіздікпен күресуге шақырған өлеңдер құрады. Сол себепті
де кітапты оқуға тыйым салып, авторы қуғынға ұшырайды.
Өзінің шығармашылық жолын өлеңнен бастаған Міржақып Дулатұлы
проза жанрына да қалам тартып, қазақ әдебиетіндегі алғашқы романның
авторы ретінде танылды. 1910 жылы оның осы жанрдағы туындысы
«Бақытсыз Жамал» романы Қазан қаласында жарық көрді. Кітап 1914
жылы екінші peт басылды.
Бұл жылдары Міржақып бірқатар мақалалар мен фельетондар жаза
ды. 1922 жылы Ташкентте екі бөлімнен тұратын «Есеп құралы» оқулығын
бастырады. «Балқия» деген пьесасын жазады. Халық жауы ретінде тұт
қындалған Міржақып Дулатұлы 1935 жылы Сосновск стансысындағы
жазалау лагерінде ауыр науқастан көз жұмады.
М. Дулатұлының шығармалары қазақ елінің тәуелсіздік алған кезі
нен бастап кеңінен жариялана бастады. 1991 жылы шығармаларының