91
бip томдық, ал 1996–1997 жылдары екі томдық жинақтары жарық көрді.
М. Дулатұлы шығармашылығы жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізіліп,
бірқатар кітаптар мен мақалалар жарияланды.
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығы туралы қандай
зерттеу еңбектерін білесіңдер?
2. Роман жанрының ерекшелігі неде? Өзің оқыған романдарың туралы
айтып беріңдер.
Роман (франц. – roman, нем. – roman, ағылш. – novel – орта ғасыр
ларда латын тілінде емес, роман тілінде жазылған шығарма осы лай
аталған) – сюжеттік құрылымы күрделі, көп желілі, кең ты ныс ты,
кейіпкер бейнесін ол өмір сүрген уақыт, ол тірлік кешкен орта ауқы
мында, жанжақты мүсіндейтін, басқа прозалық жанрларға қарағанда
ұзақ уақытты, байтақ кеңістікті қамтитын көлемді эпикалық шығарма.
Роман жанрының бірнеше түрі бар. Мәселен, тарихи роман, де
ректі роман, мемуарлық роман, публицистикалық роман, детективті
роман т.б.
А. Ісмақова
Достарыңызбен бөлісу: