1-тапсырма. Қосымша дереккөздерін пайдаланып, жазушы шығар ма
шылығына байланысты шағын зерттеу жүргіз.
Драма (грек. drama – қимыләрекет) – сахнаға арналған, уақиғаны,
оған қатысушы кейіпкерлердің ісәрекетін, көңіл күйін көрсету арқылы
баяндайтын әдеби шығармалар. Драмаға уақиғаны қызу тартысқа
құрып, мейлінше шиеленістіріп, шарықтау шегіне әбден жеткізіп ба
рып тану – айрықша тән қасиет.
Драмалық шығармаларда кейіпкер өздерінің айтатын сөзі ар
қылы, сонымен бірге сахнадағы қимыләрекеті, жүрістұрысы, сонда
байқалатын жайкүйі арқылы бейнеленеді. Кейіпкердің жеке қалып
айта тын сөзі (монолог), бірбірімен өзара сөйлесуі (диалог) – бұлар оның
характерін, басқа адамдарға, өмірдегі әртүрлі жайжағдайларға қаты
насын, қоғамдық мәселелерге көзқарасын сипаттаудың басты тәсілі.
Автордың уақиға барысын, кейіпкерлердің ісәрекетін, мінезқұлқын,
күйжайын тікелей өз атынан суреттеп, баяндап беруі жоқтың қасы.
3. Ахметов Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
139
2-тапсырма. «Әпке» пьесасының толық нұсқасын хрестоматиядан оқы.