60
ның жендеттері ұлы ақынды атып өлтіреді. Ақынның мүрдесі ұзақ жыл
дар бойы құдықта жатты.
Шәкәрімнің есімі екі рет ақталған. Біріншісі – 1959 жылы «Қазақ
әдебиеті» газетінде бір бет өлеңі суретімен жарияланған болатын. Алайда
оны баспаға ұсынғандар мен жариялаған адамдар жазаға тартылған. Со
лай дегенмен, бұл оқиға ақынның алғаш рет азаматтық ақталуы саналып,
тарихта қалды. Екінші ақталуы – 1988 жылы Шәкәрім шығармалары
кейбір түзетулер енгізіле отырып, кітап болып жарық көрді. Сол жыл
дан бастап Шәкәрім аты елге танылып, оның шығармалары көпшіліктің
қолына тиді.
Бүгінгі күні Шәкәрім мұрасын зерттеу ісі жүйелі жүргізілуде. Ұлы
ақын атындағы Шәкәрім университеті (Семей қаласы) оның тамаша
ескерткішін тұрғызды, онда «Шәкәрімтану» ғылымизерттеу орталығы
қызмет жасайды. «Шәкәрім» энциклопедиясы, «Шәкәрім» журналы,
«Шәкәрімтану мәселелері» сериялық жинақтары жарыққа шықты.
Қазір жержерде «Шәкәрім оқулары», «Шәкәрім апталығы» сынды түр лі
байқаулар ұйымдастырылып тұрады.
Шәкәрім шығармашылығына байланысты көптеген кандидаттық,
докторлық диссертациялар қорғалған. Ақын өмірі мен шығармашылық
мұрасын зерттеу объектісіне айналдырған «Шәкәрімтану» ғылымизерт
теу ұғымының негізі қаланды.
Достарыңызбен бөлісу: