Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



Pdf көрінісі
бет56/141
Дата14.04.2022
өлшемі2,02 Mb.
#30976
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   141
Байланысты:
Қазақ әдебиеті 8 сынып

9-тапсырмаАбай мен Шәкәрім шығармаларының жанрлық ерекшеліктерін 
салыстырып, дәптерлеріңе жазыңдар.
Абай
Шәкәрім
 
10-тапсырма. 
1. Шәкәрім еңбегінің бүгінгі құндылығына зер салыңдар. 
2. Алаш еліне сіңірген еңбегі туралы ой қорытыңдар. 
3. Не себепті Шәкәрім есімін атауға тыйым салынды деп ойлайсыңдар? 
4.  Шәкәрім  қалай,  қашан  ақталды?  Өз  ойларыңды  ғылыми  деректермен 
дәлелдеп, баяндап беріңдер. 
Дастан (парс. сөзі – тарихи әңгіме, ертегі, батырлар жыры) – халық 
ауыз әдебиетіндегі эпикалық жанр, өлең түріндегі уақиғалы шығарма. 
Көбінесе  бұрыннан  белгілі  ертегі  сюжеттерінің,  аңыз,  хикаялардың 
әдеби  өңделген  түрі  болып  келеді.  Дастанда  кейде  өлең  мен  қарасөз 
араласып келе береді. Түркі тіліндегі классикалық поэзияда кездесетін 
романтикалық поэмалар «Ләйлі–Мәжнүн», «Хұсырау–Шырын», «Ес
кен  дірнама» немесе Фирдауси «Шахнамасының» өлеңмен айтылатын 
жеке поэмаға айналған кесек тараулары дастанға жатады. Кейінгі жыл
дары түркі тілдес халықтардың көптеген дастандары жазып алынды. 
Қазақ ақындарының Шығыс сюжетінің негізінде жазған «Рүстем–Дас
тан», «Ләйлі–Мәжнүн», «Сейфілмәлік–Бәдіғұлжамал», «Жүсіп–Зыли
ха»,  «Бозжігіт»,  «Атымтай  Жомарт»  және  т.б.  махаббат,  батырлық, 
қиялғажайып  тақырыптарды  қозғайтын  дастандары  кейінгі  қазақ 
поэмаларының туып, қалыптасуына көп септігін тигізді. Өлең өрнегі 
жағынан алғанда, қазақ дастандары бірыңғай он бір буынды болады, 
кейде жетісегіз буынды өлең түрі де кездеседі. Дастандарды жыршы, 
қиссашылар  жеңіл,  қысқа  қайырылатын  термелі  әуенмен  (көбінесе 
домбыраның сүйемелдеуімен) айтады.
Ө. Күмісбаев
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


63
 
Поэма (грек. роіеmа – туынды, шығарма деген мағынада) – оқиғаны 
өлеңмен баяндап айтатын, кейде жыртолғау түрінде келетін көлемді 
шығарма. Сюжетті оқиға желісін ширақ өрістетіп, кейіпкерлердің іс
әрекетін бейнелеуге негізделеді. Ал сюжетсіз поэмада лирикалық сарын 
басым болады, көлемі жағынан шағындау келеді. Поэманың алғашқы 
нұсқалары деп ауыз әдебиетіндегі уақиғалы жырларды айтуға болады. 
Олардың  баяндау  тәсілі,  кейіпкерлер  бейнесін  суреттеу  өзгешелігі  де 
ауыз әдебиеті дәстүрлерімен тығыз байла нысты.
Сондайақ  қазақтың  халықтық  эпосының  үлгілері  –  батырлық 
жыр лары,  ғашықтық  жырлар  («Қобыланды»,  «Ер  Сайын»,  «Алпа
мыс», «Ер Тарғын», «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш–Баян сұлу») өзіндік 
ерекшелігі бар әдеби құбылыс екені айқын. Лироэпикалық жанрдың 
бұл түрі әдебиеттің даму процесінде талай сатыдан өтіп, өзгеріп, өрістеп 
келе жатыр. 
Қазақ әдебиетінде XIX ғасырдың аяқ кезінен бастап кең тараған, 
көбінесе  шығыс  әдебиетінің  сюжеттеріне  негізделген  дастандар  да 
поэ ма  жанрының  бір  түріне  жатады.  Қазақ  әдебиетінде  поэма  әбден 
қалып тасып, жанжақты дамыған жанр.
Абайдың Шығыс тақырыбынан алып жырлаған белгілі поэмала
ры,  Шәкәрімнің  «Ләйлі–Мәжнүн»,  «Қалқаман–Мамыр»,  Сәкеннің 
«Көк шетау», Ілиястың «Күйші», Мағжанның «Батыр Баян» атты поэ
ма лары – қазақ поэзиясының көшбасында тұрған сүбелі туындылар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет