27
оны қиюын тауып, үйлестіре білсек, қазақтың ұлттық
биінің өз ерекшелігі танылады. Мен бұл жөнінде «Би
туралы сабақ» деген кітап жаздым. Сонымен қатар
маған өз елімнің тұрмысын, тарихын, әдет-ғұрпын,
дәстүрін зейін қойып үйрене білуімнің өте көп пайда-
сы тиді. Мысалы, қазақ халқының көкпар, қыз қуу,
садақ тарту т.б. ұлттық ойындарына, оның сыртында
кесте тігу, текемет, сырмақ басу, ұршық иіру тәрізді
қазақ әйелдерінің қолөнеріне қатысты іс-қимылдар бар
екені белгілі. Осылардың барлығы музыка ырғағына
түскенде
тұнып тұрған қазақ биі демей, не дейміз?
Шара Жиенқұлова
Достарыңызбен бөлісу: