61
ракики) дейтін балуан шығып, ажал күресіне түсетінін
айтады.
Жапондар оны «жию-жицу» дейді екен. Ресей балуан-
дары бұл күрестен бейхабар еді. Сондықтан ешкім
белсеніп, ортаға шыға қоймайды. Сар-Кекен болса
кілем үстінде жүріп алады. Төреші де қайта-қайта жар
салады. Болмаған соң, Қажымұқан тәуекелге бел бай-
лап, ортаға шығады.
Әу дегеннен Сар-Кекен мысықша қимылдап, балуан-
ды айнала жүреді. Өзіне беймәлім күрестің сырын бағ-
дарлаймын дегенше, Қажымұқанның бір жақ беті мен
ерні жұлынып, қан сорғалайды. Сар-Кекен мысықша
атылып, тиген жерін пышақша тіліп, қақ айырады
екен. Екінші рет қоңырау соғылғанда Қажымұқан
ашуға булығып, шындап қайратына мінеді. Денесінің
ауырғанын елеместен, Сар-Кекенді желкесінен бір қойып
қалады. Жапон балуаны жеңіліс табады. Цирк іші лез-
де айқай-шуға толып, жапондар қарсылық көрсете бас-
тайды. Ресейдің он сегіз балуаны ешкімді жолатпай,
үркердей топтанған күйі цирктен шығып, елшілер
үйіне келеді де, түнгі пойызбен кері қайтады. Бәрі
қуанышты: бірі Қажымұқанның жарақатын таңып
жатса, бірі сусын береді, енді бірі бетін сүртеді. Бес-алты
күннен соң, Петерборға жетіп, Қажымұқан ауруханада
емделеді. Оны ең жақсы деген дәрігер қарап, достары
да жалғызсыратпай жиі келіп тұрады. Әсіресе Поддуб-
ный ертелі-кеш қасынан шықпайды. Ол әркез: «Осын-
шама күш саған қайдан бітті?» – деп риза көңілмен
таңырқап сұрап қояды.
Әуелбек Қоңыратбаев
Бейхабар – хабарсыз.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217