Оқулық Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi ұсынған


 Мәтінді түсініп оқы. Бала Ахмет



Pdf көрінісі
бет48/108
Дата31.12.2021
өлшемі4,27 Mb.
#23385
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   108
2. Мәтінді түсініп оқы.
Бала Ахмет
Ахмет  шыр  етіп  жарық  дүниеге  келген  Сарытүбек  – 
жердің  шеті  дерлік  бір  түкпір.  Ақкөл  атты  көлі  бар. 
Сол сайын далада дүниеге нәресте келді. Атын Ахмет 
деп  қойған.  Бала  өсіп  жатты,  қабілетті  болып  өсті. 
Айтқанды  қағып  алады.  Зерделі  бала.  Ол  өз  бетінше 
сан алуан кітаптар оқиды, әдебиетпен айналысады. 
Ахметтің дамып, өсуіне Торғай өңіріндегі ақындық 
мектебі  де  әсер  етті.  Ол  Жұмабай,  Есенжол,  Сейдах-
мет  ақындардың  жырларын  тыңдап  өсті.  Домбыраны 
әрі  ақын,  әрі  композитор  Есенжол  Жанұзақұлынан 
үйреніпті. Сейдахмет ақын бала Ахметті ерте-ақ танып: 
Елетпей көк өрімдей болғандығын
Танытқан таңғажайып алғырлығын. 
Әдейі Ахметке өлең арнап
Қолыма домбырамды алдым бүгін. 
Бақ қонды оннан жаңа асқанында
Асарсың өнердің сан асқарын да. 
Жарқырап әлі бір күн тұрарсың сен
Жұлдыз боп қазағымның аспанында, – 
деген. Дана ақын бала ақынның болашақта қазақ аспа-
нында жұлдыз боп жанатынына сенген. 
Ахметтің  ұстаздық  жолға  түсуіне  Ыбырай  Алтын-
сариннің әсері мол болды. Ол Ыбырай мектебінің үздік 
әрі жүйрік шәкірті атанды. Ұлы ұстаз қалдырған өнеге 
мен тәлімді көрді, оған еліктеді. 
Қоғабай Сәрсекеев. «Ұлт ұстазы» кітабынан
ақын
ұстаз
ғалым


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет