69
Қазақта өнер адамдарына баға бергенде «арқасы бар
екен» деп жатады. Сірә, сол пікір әркімнің қолынан
келе бермейтін, адам түсінігі жете бермейтін шеберлік
көрсеткендерге айтылатын болу керек. Әншейіндегі
өзің сияқты адамның өзгеріп кеткенін көргенде, еріксіз
солай дейді екенсің. Күләштің Қыз Жібекті ойнағанын
көргенде, нағыз арқасы бар адам екенін білдім. Күләш
емес, Қыз Жібектің өзі келіп ойнап жатқан секілді: өз
қимылы өзіне таныс, өз әні өз дауысына сай, бәрі өзінің
туғалы істеп келе жатқан әдеттегі істері тәрізді, бүкіл
сахнаны өзі биледі де кетті.
1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ өнерінің алғашқы
онкүндігі Күләшті жаңа қырынан танытты.
Содан былай «қазақтың бұлбұлы» деген атты Күләш-
қа бәріміз сүйсіне айтатын болдық. Оның шын бұлбұл
екендігіне елдің де көзі жетті, бұлбұл екендігіне Күләш
та көзімізді жеткізді.
Қанабек Байсейітов
Достарыңызбен бөлісу: