Оқулық Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi ұсынған


 Мәтінді түсініп оқы.  Көкқұтанның ақылы



Pdf көрінісі
бет68/108
Дата31.12.2021
өлшемі4,27 Mb.
#23385
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   108
2. Мәтінді түсініп оқы. 
Көкқұтанның ақылы 
Күндердің  бір  күнінде  бір  сиқыршы  Сүлеймен 
патшаға  мәңгі  өмір  сыйлайтын  суды  сыйға  тартқан 
екен.  Киелі  суды  ішу-ішпеуі  жөнінде  ақылдаспақ  бо-
лып, күллі аң мен құстарды жинайды. Ұзамай хайуа-
нат  біткен  тегіс  бас  қосады.  Тек  ұзынсирақ  Көкқұтан 
ғана келмейді. 
Сонда Сүлеймен патша тұрып, Итке тіл қатады:
– Сенің басқалардан байбаламың көптеу еді, сен ба-
рып, Көкқұтанды азғырып әкелші маған, – дейді.
Ит шынымен-ақ Көкқұтанды ертіп әкеледі. 
–  Уа,  Көкқұтан,  көнекөз  кемелім,  мына  бір  киелі 
суды  ішейін  бе,  ішпейін  бе,  соны  айтшы?  –  дейді 
Сүлеймен. 
– Егер мына суың өзіңнің барша дос-жарандарыңа, 
туған-туысқандарыңа  және  ұшқан  құс,  жүгірген  аңға 
жететін болса, онда бұл суды ішіп қой. Тамшысын да 
83
киелі су
тыйым сөздер
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


89
қалдырма.  Сонда  өмірден  бақытты  да,  қуанышты  да 
табасың.  Бірақ  оны  бір  өзің  ғана  ішсең,  мәңгі  бақи 
өкініп-опынумен  өтесің.  Жалғанда  соқа  басың  сопа-
йып, жалғыз қаласың, жақын-жуығыңның бәрі баяғыда 
кеткен соң, бір өзің не қуаныш, не қызық көріп жары-
там дейсің. 
– Япырым-ай, сен шынында да данышпан екенсің. 
Мұны маған сенен басқа тірі жан айта алмас еді, – дейді 
Сүлеймен риза болып. 
Сөйтіп, ол киелі суды ішпейді.
Пошшо Қожа
 Аударған Әбдімәлік Жұмабаев
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет