Оқулық Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi ұсынған



Pdf көрінісі
бет66/108
Дата31.12.2021
өлшемі4,27 Mb.
#23385
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   108
2. Түсініп оқы. 
Таза бұлақ
Бiр  бұлақтың  басында  үш  жолаушы  бiр-бiрiне  кез 
болып ты. Бұлақ бiр тастақ жерден шығып жатыр екен. 
81
 
82
«Таза бұлақ»
мөлдір бұлақ
ақыл сөз
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


86
Айнала қалың ағаш, жапырақтары бұлақтың үстiне тө-
гiл  ген, суы мұздай салқын, шыныдай мөлдiр, өте таза 
бұлақ екен.
Бұлақтың  қайнап  жатқан  көзiне  жақын  жерге 
қазандай бiр қара тасты қойыпты да, тасқа: «Ей, жолау-
шы, болсаң осы таза бұлақтай  бол!» – деп жазыпты. 
Үш жолаушы бұлақтан шөлдерi қанғанша су iшедi, 
тастағы  жазуға  көздерi  түседi.  Сонда  бiр  жолаушы 
тұрып былай дейдi:
– Бұл жазылған ақыл сөз екен. Бұлақ күнi-түнi тын-
бай  ағып,  алыс  жерлерге  барады.  Бара-бара  кеңейiп, 
үлкей едi.  Бұған  жол-жөнекей  кiшкене  бұлақтар  қо-
сылып, үлкен өзен болып кетедi. Мұнан мынадай ғибрат 
алуға  болады.  Сондай  адал  қызмет  қыл,  ешуақытта 
жалқау ла нып,  тоқталып  қалма.  Сөйтсең,  ақырында 
сен де үлкейiп, мұратыңа жетесiң дегенi деп бiлемiн, – 
дейдi.
Сонда екiншi жолаушы басын шайқап:
–  Жоқ,  мен  олай  ойламаймын,  –  дейдi.  –  Бұл 
жазудың  ма ғынасы  сiздiң  ойлағаныңыздан  гөрi  те-
реңiрек  соқса  керек:  бұл  бұлақ  кiм-кiмге  болса  да 
даяр,  ыстықтағанды  салқындатып,  рақаттандырады. 
Сусағанның шөлiн қандырады. Онысы үшiн ешкiмнен 
ақы  дәметпейдi.  Олай  болса,  бұл  «бiреуге  жақсы лық 
етсең,  ол  жақсылығыңды  ешкiмге  мiн дет  етпе»  деген 
ақыл бо лады. 
Жолаушының үшiншiсi – көркем жас жiгiт үндемей 
тұрды. Жолдастары: «Сен не ойлайсың?» деп сұрады. 
Жiгiт айтты: 
– Менiң ойыма бөтен бiр нәрсе келедi. Бұл бұлақтың 
суы  бiр  орында  тынып  тұрып,  шөп-шалам  түсiп,  лай-
қоқым  болса,  бұған  адамнан  гөрi  айуан  ынтық  болар 
едi. Бұлақ күнi-түнi тынбай ағып, тазаланып тұрғаны 
үшiн  бұған  адам  ынтық.  Олай  болса,  бұл  жазудың 
мағынасы  мынау:  көңi лiңдi,  бойыңды  осы  бұлақтай 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


87
таза сақта. Бұлаққа қарасаң: күн түссе – күннiң, шөп 
түссе  –  шөптiң  сәулесiн  көремiз.  Ендеше,  көңiлiң  сол 
сияқты  сырт қа  ашық  көрiнiп  тұрсын  деген  ғой  дей-
мiн, – дептi.
Ыбырай Алтынсарин


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет