343
барлық заңды және жеке тұлғалар үшін міндетті болып табылыды,
және жариялануы мен еркін таратылуы тиіс. Сонымен қатар,
заңда қоршаған орта сапасын нормалаудың негізгі түрлері
көрсетілген олар:
1) Қоршаған ортада зиянды заттарға жол беруге болатын
шекті мөлшерде
шоғырлану нормативтері;
2) Қоршаған ортаны ластайтын заттарға жол беруге болатын
шекті мөлшердің шығарылу
және тасталу нормативтері;
3) Шудың, тербелістің, магнит өрісі мен өзге де зиянды
физикалық әсерлерге жол беруге болатын шекті деңгейінің
нормативтері;
4) Радияциялық әсерге жол беруге болатын шекті деңгейдің
нормативтері;
5) Агрохимикаттарды ауыл шаруашылығы мен орман
шаруашылығында қолдануға жол беруге болатын шекті нормалар;
6) Қорғау, санитарлық-қорғаныш және өзге де қорғаныш
аймақтарының нормативтері.
Ал енді оларға толығымен тоқталайық.
Халықтың денсаулығын, өсімдіктер мен жануарлар дуниесін
қорғау, олардың генетикалық қорларын сақтау мақсатында
атмосфералық ауаны, суды, топырақ пен жер қойнауын ластауы
қауіпті химиялық және биологиялық заттардың жол беруге
болатын шекті мөлшерде шоғырлануын нормативтері белгіленеді
тиісті аумақта қоршаған ортаны ластаудың барлық көздерімен
көлемдерін ескере отырып, халықтың денсаулығына, өсімдіктер
мен жануарлар дүниесіне олардың жасайтын кешенді ықпалына
жол бермеу мақсатында ластанудың әрбір көзі бойынша қоршаған
ортаға ластайтын заттардың жол беруге болатын шекті мөлшерде
шығарылуы мен тасталу нормативтерін белгіленеді.
Зиянды заттардың шекті мөлшерде шоғырлану нормативтері
қоршаған табиғи орта жағдайының экологиялық санитарлық
– гигиеналық бағасын береді, бірақ зиянды әсер ету көздерін
көрсетпейді және олардың жүрісін реттейді. Бұл қызмет зиянды
заттардың шекті мөлшерде шығарылуы мен тасталу нормативтері
жүзеге асырады .
Халықтық денсаулығы мен еңбек ету қабілетін сақтау,
өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, тіршілік үшін қолайлы
қоршаған ортаны қорғау мақсатында шудың тербелістің магнит
өрістері мен басқа да зиянды физикалық әсерлер адамды
345
апат аймағы, төтенше экологиялық жағдай. Чернобыль апат
аймақтары жатады.
Достарыңызбен бөлісу: