Азаматтық іс жүргізу құқығының деректемелері азаматтық
істер бойынша сот әділдігін жүзеге асыру тәртібін реттейтін
нормалар баянды етілген нормативтік актілер болып табылады.
Ең алдымен азаматтық іс жүргізу құқығының деректемесі
сот әділдігін жүзеге асырудың сот органдарына ғана жүктеп,
сот әділдігін жүзеге асырудасот органдарына ғана жүктеп, сот
әділдігін және олардың тек заңға бағынуын; барлық соттарда
істердің ашық қаралуын, заңдылықты және т.б. нығайта
отырып, сот жүйесін анықтайтын Қазақстан Республикасының
Конституциясы болып табылады.
Азаматтық іс жүргізу құқықтың келесі бір аса маңызды
деректемесі 1999жылы 13 шілдеде қабылданған Қазақстан
Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексі болып табылады.
Онда азаматтық істер бойынша сот ісін жүргізу егжей-тегжейлі
регламенттелген. Азаматтық іс жүргізу кодексі жалпы және
ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлімге азаматтық процестің
барлық түрлері мен сатыларына қатысты нормалар енгізілген.
Құқықтың осы саласының нормалары Қазақыстан Респуб-
ликасы Президентінің «Қазақыстан Республикасындағы соттар
және судьялардың мәртебесі туралы» 1995 жылы 20 желтоқсандағы
конституциялық заң күші бар Жарлығында, «Мемлекеттік баж
туралы» Заң мен басқа заңдарда баянды етілген.
Азаматтық іс жүргізу құқығының деректемелері арасында
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының түсіндір-
мелері ерекше орын алды. Ғылымда бір авторлар басшылыққа
алынатын түсіндірмелер нормативтік сипатта болады деп санауға
негіз береді.
Азаматтардың құқтары мен бостандықтарын сот қорғауының
кеңейтілуі азаматтық іс жүргізу нормаларын қамтитын заң
актілерінің шеңберін ұлғайтады, атап аитқанда, сотқа қарасты
мәселелер материалдық құқтың түрлі салаларының заңдарына
енгізілген.