Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»



Pdf көрінісі
бет34/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   136
Байланысты:
КИТАП АДМ

4.3. Адам құқығын бұзу
Адамның  ар-намысы  мен  абыройы,  оның  әлеуметтік 
–  экономикалық,  саяси  және  жеке  басының    құқықтары  мен 
заңды  мүдделері  құқықпен  қорғалатыны  белгілі.  Қазақстан 
Республикасында азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін 
қорғайтын мемлекеттік және мемлекеттік емес құқық қорғау 
мен  құқық  қолдану  органдарының    тұтас  жүйесі  бар  және 
олар жемісті жұмыс істеуде. Бұлар соттар, милиция, полиция, 
прокуратура органдары,  азаматтық, нотариалдық кеңселер және 
құқық қорғау қызметтерін жүзеге асыратын басқа да мекемелер. 
Бұған Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы адам 
құқығы  жөніндегі  мемлекеттік  комиссия  да  жатады.  Қазіргі 
уақытта қорғаудың қылмыстық құқықтық құралымен  бірге ( адам 
құқықтары мен бостандықтарын бұзудың ең ауыр түрі қылмыс 
болып табылады) азаматтық құқықтық құралы да белгіленген. 
Егер азамат кез келген дәрежедегі лауазымды адамның іс-қимылы 
өзінің конституциялық құқығына қысым жасап отыр деп санаса, 
Қазақстан  Республикасының  қолданылып  жүрген  заңдарына 
сәйкес  шағым  жасауға  құқылы.  Сондықтан,  әдетте,  әділ  сот 
азаматтар құқықтарын қорғаудың заңдылығы мен негіздігіне 
бақылау жасайды. Егер мұндай құқық қорғауды басқа органдар 
жүргізсе,құқық қорғау актілерін  мәжбүрлеп жүзеге асыруды 
осы сот органдары қамтамасыз етеді. 
Бірақ адамдардың құқықтары   мен бостандықтарын бұзудың 
ең қауіптісі-бұл қолданылып жүрген заңдарда адам құқықтарын 
аяққа  басуға  жол  беретін  нормалардың  болуы.  Нәтижесінде 
бірқатар  құқықтар  мен  бостандықтарды  іс  жүзінде  жүзеге 
асыруға  кепілдік  берілмейді.  Егер  мемлекетте  адамға  қажет 
заңдар  жұмыс  істемесе,  егер  заңдардың  өзі  адамның  табиғи 
құқықтарын аяққа басса, онда не істеу керек? Мұндай жағдайда 
адам құқығы қорғалмақ түгіл, оларды бұзу әдеттегі көрініске 
айналады. Сондықтан соттардың Конституциямен баянды етілген 
адамның  және  азаматтың  құқықтары  мен  бостандықтарына 
нұқсан келтіреді деп тапса, іс жүргізуді тоқтата тұруға және 
осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен 
Конституциялық Кеңеске жүгінуге міндетті (78-бап).
Сонымен адам құқықтары мен бостандықтарын бұзудың екі 
түрі бар екенін айтуға болады: 1) заңдар мен өзге де нормативтік 


122
құқықтық актілерде бекітілген құқықтарды әлдекімнің бұзғандығы; 
2) Конституцияға қайшы заңдар шығарылып,соның негізінде 
адам құқығын аяққа таптай бұзу. Заңдар мен басқа да нормативтік 
актілер арасындағы қайшылықты жоймай, оларды қолдану өте  
қауіпті.  Нәтижесінде  атқарушы  органдардың  жүгенсіздікке 
баруына қолайлы жағдай жасалады. Мұның өзі сайып келгенде 
былық-шылық пен дағдарысқа әкеледі. Бұны біздің өміріміздің 
бүгінгі күнгі көрінісінен көруге болады. Сондықтан Қазақстан 
Республикасында адам құқығын кез келген бұзушылықпен қорғау 
жөнінде заңдар жасап, ол өмірге енгізілуі тиіс. Біз қоғамдық 
қатынастарға заңдық тұрғыда толық реттеу, заңдылық қағидатын 
дәйекті түрде жүзеге асыру  қажет деген пайымдауды толық 
бөлісеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет