145
айтқанда, 1995 жылғы желтоқсанның 19-да Қазақстан Респуб-
ликасы Президентінің Жарлығымен өзгерістер мен толықтырулар
енгізілді.
Әкімшілік-аумақтық құрылысты реттейтін құқықтық нор-
малар:
1) Мемлекет аумағына бөлінетін әкімшілік-аумақтық бір-
ліктер
тізбесін;
2) Әкімшілік-аумақтық бөліністі айқындау жөніндегі мем-
лекеттің
құзіретін;
3) Әкімшілік-аумақтық бөлінісін өзгерту тәртібін және осы
саладағы мемлекеттік
органдардың құзіретін;
4) Елді мекендердің белгілі бір түрге жататындығы негізінің
құқықтық актілері жүйесін;
5) Елді мекендерді атау мен қайта атаудың тәртібін белгілейді.
Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісінің жүйесінде
мынадай буындар бар: (облыс, аудан, ауыл (село) округі) және
елді мекен, республикалық маңызы бар қала, облыстық маңызы
бар қала, аудандық маңызы бар қала, поселкелер, ауыл (село).
Аймақ дегеніміз – республика мүддесін көздеп құрылатын
және басқарылатын бірнеше елді мекендерді өзіне қамтитын
республика аумағының бір бөлігі.
Елді мекен – азаматтардың шаруашылық және де өзге де
қоғамдық қызметі нәтижесінде қалыптасқан республиканың халық
шағын сипатта қоныстанған бір бөлігі, оның заң белгілеген
тәртіппен есепке алынған әрі тіркелген, сондай-ақ жергілікті
өкілетті және атқарушы органдар басқаратын тұрғындарының
саны кем дегенде 50 адам болады.
Республикалық маңызы бар қала дегеніміз – ерекше мемле-
кеттік маңызы бар немесе халық саны бір миллионнан астам
адамнан тұратын елді мекен.
Облыстық маңызы бар қала дегеніміз – ірі экономикалық
және мәдени орталық болып табылатын, дамыған өндірістік
және әлеуметтік қосалқы құрылымы мен саны 50 мыңнан астам
адамы бар елді мекен.
Аудандық маңызы бар қала дегеніміз – өнеркәсіп кәсіпорыны,
коммуналдық шаруашылығы, мемлекеттік тұрғын үй қоры, оқу
мен мәдени ағарту мекемелерінің, емдеу және сада обьектілерінің
дамыған жүйесі бар, халық саны кем дегенде 10 мың адамнан
тұратын, жұмысшылары, қызметкерлері және олардың отбасы