Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»


ӘКІМШІЛІК – ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР



Pdf көрінісі
бет56/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   136
ӘКІМШІЛІК – ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР
9.1. Әкімшілік-құқықтық қатынасардың мазмұны
Әкімшілік – құқықтық қатынас құқықтық қатынастырдың 
бір түрі болып табылады. Оларға қандай да болмасын құ-қықтық 
қатынастардың    барлық  негізгі  белгілері  тән,атап  айтқанда: 
құқықтық норманың біріншілігін, соның арқасында құқықтық 
қатынас тиісті құқықтық норманың  тиісті  қоғамдық қатынасқа, 
оған  заңдық  нысан  беретін,  реттеушілік  ықпал  жасауының 
нәтижесі; осы қатынас тараптарының іс-қимылдарын (мінез-
құлыұтарын) құқықтық нормамен реттеу:құқықтық нормамен 
белгіленетін құқықтық қатынас тараптарының өзара міндеттері 
мен құқықтарын сәйкестендіру (корреспонденциялау) және с.сс
Сонымен, әкімшілік-құқықтық қатынастар – бұл әкімшілік 
құқық нормаларымен реттелген басқарушылық қоғамдық қаты-
настар,  ондағы  тараптар  әкімшілік-құқықтық  нормалармен 
тағайындалған және кепілденген өзара байланысты міндеттер 
мен құқықтарда иеленуші болып табылады.


194
Әкімшілік-құқытық  қатынастардың  ең  жалпы  сипаты 
осындай, онда жалпылық пен ерекшеліктің, тектік пен түрліліктің 
арақатынасы көрінісін тапқан. Сонымен бірге әкімшілік-құқықтық  
қатынастардың әкімшілік құқықтың нормаларынан және олар 
реттейтіг басқарушылық қызметтен туындайтын ерекшеліктері 
бар.
Бұл  құқытық  қатынастарға  қатысушылар  (тараптары) 
мыналар болуы мүмкін: Қазақстан Республикасының азаматтары, 
шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар ;
Мемлекеттік ұйымдар: атқарушы билік (мемлекеттік басқару) 
органдары;мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер;мемлекеттік 
емес ұйымдар; қоғамдық бірлестіктер (партиялар, одақтастық); 
еңбек ұжымдары; жергілікті өзін-өзі басқару органдары; коммер-
циялық құрылымдар; жеке кәсіпорындар мен мекемелер.
Әкімшілік-құқықтық  қатынастар  ерекшеліктерінің  аса 
маңыздылары мыналары: 
1. Басты ерекшелік – тараптардың теңсіздігі. Тараптардың 
бірінің  басқа  тарапқа  қатысты  әрқашанда  заңдық  билікті  –
өкілеттіктері болады. Мұндай тарап, мысалы, басқару органдары 
немесе  лауазымды  адамдар  болуы  мүмкін.  Сол  себепті  екі 
азаматтың  арасында,  екі  қоғамдық  бірлестіктің    арасында, 
егер тараптардың ең болмаса біреуінің биліктік  өкілеттіктері 
болмаса, әкімшілік құқықтық қатынастар болуы мүмкін емес. 
2. Әкімшілік-құқықтық қатынастар тараптардың қайсысы 
болса да-басқару органның, азаматтың және сол сияқты басқа-
лардың ынтасы бойынша пайда болады.Бірақ екінші тараптың 
келісімі немесе оның келісімінсіз де пайда болуы мүмкін.Бұл 
белгі оларды азаматтық- құқытық қатынастардан ерекшелейді.
Мемлекеттік басқару органдарының әкімшілік-құқықтық 
қатынастарға түсуі мүмкін емес, сонымен қатар, көпшілігіне, 
олардың тікелей міндетті екендігін ескеру керек.
3.Тараптардың  арасындағы  әкімшілік-құқықтық  даулар, 
қағида  бойынша,  әкімшілік  тәртіппен,  яғни  өкілетті  басқару 
органының немесе лауазымды адамның тікелей заңдық биліктік 
және біржақты өкім ету жолымен шешіледі.
4. Әкімшілік-құқықтық нормалардың талаптарын әкімшілік-
құқықтық  қатынастар  тараптары  бұзған  жағдайда  құқықтық 
қатынастың  бір  тарабының  жауапкершілігі  екінші  тараптың 
алдында емес, мемлекеттің , оның атынан уәкілдігі бар тиісті 
органның (лауазымды адамның) алдында пайда болады. 
Әкімшілік-құқықтық дауларды не жеке ,не бара-бар ретінде 


195
шешудің сот тәртібі қолданылып жүрген заңдарда жиі кездеседі. 
Сотпен шешетін әкімшілік-құқықтық даулар тобының кеңейе 
түсуі заңды тенденцияға айналып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет