188
Прогрессивтік қайта құру барысында қабылданған заң-
дардың барлығы бірдей және барлық жерде түгелдей орындала
бермейтіндігі, оларды теріс пайдаланушылықтың кездесетіні де,
мемлекеттік аппаратқа терең тамыр жайған құқықтық мойын
сұнбаушылық сияқты кеселдер айтарлықтай нұқсан келтіруде.
Қазіргі кезде ең қауіпті құбылыс – бұл қоғамдық өмірдің
барлық салаларына барған сайын дендеп ене бастаған сыбайлас
жемқорлық. Ол қоғамның барлық салаларына, мемлекеттің
конституциялық негіздеріне қатер төндіреді.
Сондықтан мемлекеттік басқару қызметінде жағымсыз
факторларды жою және билік пұрсаты мен қызмет бабын теріс
пайдаланудан сақтандыру жөнінде соңғы жылдары қабылдаған
құқықтық актілердің, оның ішінде, Қазақстан Республикасының
қылмыстық кодексінің «Ұлттық қауіпсіздік туралы», «Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдардың ерекше маңызы
бар.
Достарыңызбен бөлісу: