Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»


Әкімшілік құқық бұзушылықтың түрлері



Pdf көрінісі
бет60/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   136
10.3. Әкімшілік құқық бұзушылықтың түрлері
Әкімшілік құқық бұзушылықтың негізгі түрлері Қазақстан 
Республикасының қолданып жүрген заңдарында айтылған және 
олар  мемлекеттік  аппарат  қызметінің  әртүрлі  тармақтарына 
азаматтардың  құқықтары  мен  бостандықтарына,  еліміздің 
қоғамдық өмірі мен экономикасының салаларына қатысты.
Азаматтардың  құқықтары  мен  халықтың  денсаулығына 
қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық жеке топқа бөлінген. 
Азаматтардың  сайлау  құқығын  бұзғаны  үшін  «Қазақстан 
Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы 
Президентінің  1995  жылы  28  қыркүйектегі  конституциялық 
заң  күші  бар  жарлығының    30-бабында  заңда  белгіленген 
тәртіппен жауапты болатындығы айтылған. Қолданылып жүрген 


202
нормалардың 42-бабы бойынша – санитарлық-гигиеналық және 
санитарлық-эпидемиялық  ережелер  мен  нормаларды  бұзуды 
айтуға болады.
ӘПБтК – тің 7-тарауы Қазақстан Республикасының жаңа 
заңдарымен кейбір жөніне қайшы келіп отыр. Онда социалистік 
меншікті қорғау туралы ғана айтылған, ал Қазақстан Республикасы 
Конституциясының  6-бабында  мемлекеттік  меншік  пен  жеке 
меншік танылатындығы және бірдей қорғалатындығы бекітілген.
Қоршаған  ортаны,  тарих  пен  мәдениет  ескерткіштерін 
қорғау саласындағы құқық бұзушылық үшін қаралған әкімшілік 
санкциялардың  бұларды  қорғау  жөніндегі  күресте  маңызы 
мен  рөлі  едәуір  арта  түсті.  Шынымен,  мысалы,  заң  жерді 
қырсыздықпен пайдаланумен ( ӘПБтК-тің 55-I бабы),мемлекеттік 
орман  қорының  жерін  заңсыз  пайдаланумен  (ӘПБтК-тің  67-
бабы), өз бетімен шөп шабу және мал жаюмен, жабайы өсетін 
жемісті, жаңғақты, саңырауқұлақ пен жидекті өз бетімен жинаумен 
(ӘПБтК-тің  74-бабы)  күреседі.  Экологиялық  нормалардың 
өзіне мына сияқты, мысалы, ластағыш заттарды нормативтен 
асырып немесе рұқсатсыз атмосфераға шығаруды (ӘПБтК-тің 
62-бабы), атмосфералық ауаға зиянды физикалық ықпал жасауды 
(ӘПБтК-тің84-бабы), шығаратын азаматтардың ластағыш заттары 
нормативтерден асатын көлікті және басқа қозғалыс құралдарын 
пайдалануға шығаруды   (ӘПБтК-тің 85-бабы), атмосфералық 
ауаны қорғауға бақылау жасайтын органдардың нұсқауларын 
орындамаудың (ӘПБтК-тің 89-бабы) бірнеше түрін жатқызуға 
болады.
1) Бірталай  әкімшілік  құқық  бұзушылықтар  өнеркәсіп, 
жылу және электро энергеясын пайдалану саласында жасалады. 
Бұл келеңсіз әрекеттерімен күресу үшін әкімшілік заңдардың 
мынадай нормалары, мысалы, газды пайдалануға байланысты 
бұзушылық (ӘПБтК-тің 99-бабы),өнеркәсіп салаларында жарыл-
ғыш материалдарды сақтау, пайдалану және есепке алу жөніндегі 
ережелерді,  нормалар  мен  нұсқауларды  бұзу  (ӘПБтК-тің  95-
бабы)және басқалар қаралған.
2) Әкімшілік  құқық  бұзушылық  ауыл  шаруашылығында 
жиі  жасалады.  Сонымен  қатар  ветеринарлық-санитарлық 
ережелерді  бұзу  көбейген.  Мысалы,  карантиндік  тексеруден 
және  тиісті  өңдеуден  өтпеген  материалдарды  әкеткені,  жер 
пайдаланушылардың арамшөптермен күресу жөнінде шаралар 


203
қолданбаулары, ит пен мысық ұстау ережелерін бұзғандығы, 
жануарларға аяусыз қарағаны үшін әкімшілік жауаптылық және 
осы сияқты әкімшілік теріс қылықтары үшін жауапкершіліктің 
басқадай да негіздері тағайындалған.
3) Көлікті әкімшілік құқық бұзушылықтың едәуір қауіпті, 
ал көптеген жағдайларда апаттық салдары болуы мүмкін. Бұл 
салада  әкімшілік  теріс  қылықпен  нәтижелі  күресу  үшін  заң 
шығарушы көлікті және жол құрылысы саласында, сондай-ақ 
байланыста құқық бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық қарамаған. 
Темір жол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу, ұшу 
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ережелерді және басқаларды 
бұзу шүбәсіз қоғамдық қауіпті болып табылады.
4) Авто көлік құралдары паркінің көбеюіне байланысты 
көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүру ережелерін бұзудың 
жалпы саны көбейе түсуде, олар үшін жауаптылық ӘПБтК-тің 
123-130  –  баптарында  қаралған.Мас  күйінде  көлік  жүргізуді 
жақсы көретіндермен күресу үшін тиісті мөлшерде айыппұл 
салуды немесе барлық көлік құралдарын жүргізу құқығынан бір 
жылдан үш жылға дейін айыруды көздейтін ӘПБтК-тің 128-бап 
қолданылады.Нақтылы жағдайдың көрсетуіне қарағанда, бұл 
шаралар мұндай әкімшілік құқық бұзушылық тасқыны тоқтата 
алатын емес.
5) Қалалық мекендер үшін газ және газбен қамтамасыз етуді, 
электрмен жабдықтаулы және басқа қажетті қызмет көрсетуді 
қамтитын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың қалыпты 
қызмет істеу мәселелері ерекше маңызы. Қоғамдық қызметтің 
бүл  саласында  да  әкімшілік  құқық  бұзушылық  жасалады. 
Олардың  қатарына  тұрғын  жайларды  пайдалану  ережелерін 
бұзуды  (ӘПБтК-тің  154-бабы),  қалалар  мен  елді  мекендерді 
көркейту,  санитарлық  жайын  қамтамасыз  ету  және  олардың 
аумақтарындағы жасыл желекті қорғау ережелерін (ӘПБтК-тің 
159-бабы) бұзуды және басқаларды жатқызуға болады.
6) Әрбір адам сатып алушы не сатушы ретінде заңдармен 
белгіленген сауда-саттық жасаудың тәртібі бойынша құқықтық 
қатынастарға  түседі.  Ал  осы  жөніндегі  заңдық  талаптарды 
бұзу,  сондай-ақ  басқа  да  әкімшілік-құқықтық  нормаларды 
бұзу әкімшілік жауаптылыққа соқтырады. Бұл саладағы құқық 
бұзушылықтың едәуір көп түрлері бар. Оларға, мысалы, мынадай 
әрекеттер  жатады:сауда  тәртібін  бұзу,  сапасы  сай  келмейтін 


204
немесе  санитарлық  ережелерді  бұзып  заттар  сату,  заттарды 
құжатсыз сату, заттарды немесе басқа бұйымдарды заңсыз сату 
және басқа бұзушылықтар. Бірқатар құқық бұзушылықтар өзінің 
құрамы жағынан қылмыстық жазалау әрекеттеріне едәуір жақын 
келеді.Мысалы,  тұтынушыларды  аз  мөлшерде  алдау,  шет  ел 
валютаоарымен жіне төлем құжаттарымен заңсыз операциялар 
жасау және басқалар.
7) Елімізде нарықтық қатынастар мен жеке кәсіпкерлікті 
дамыта түсуге байланысты әкімшілік құқық бұзушылық түрлері 
де  көбейе  түсуде.  Мысалы,  бұлардың  қатарына  Қазақстан 
Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсеке-
лестік  қорғау  жөніндегі  агенттік  тапсырмаларын  орындамау, 
лицензиялауға жататын көлік қызметін арнайы рұқсатсыз іске 
асыру, лицензияда қаралған шарттарды бұзу тағы басқалар.
Қоғамдық тәртіпке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық 
жеке  тарауға  топтастырылған.  Ұсақ  бұзақылық  (ӘПБтК-тің 
174-бабы),үйде жасалынатын күшті спирт ішімдіктерін сатып 
алу  және  жасап  шығару,  спирт  ішімдіктерін  жұмыста  және 
қоғамдық орындарда ішу, құмар ойындар ойнау т.с.с. Әкімшілік 
құқық бұзушылықтар өмірде молынан кең өріс алған келеңсіз 
жайттар. Сондықтан қолданылып жүрген заңдарда әртүрлі қатаң 
айыппұл санкциялары, атылатын қару мен оқ-дәрілерді, үйде 
жасалған шараптарды тәркілеубарысында 15 тәулік мерзімге 
дейін әкімшілік қамауға алынады.
Басқарудың белгіленген тәртібі әкімшілік құқық бұзушы-
лықтың объектісі болуы мүмкін. Бұларға мыналарды қарастыруға 
болады: полиция қызметшісінің немесе халық жасақшысының 
заңды өкіліне не талабына қасақана бағынбау, сотты сыйламау, 
озбырлық жасау, жиналыстар, митингілер, көше шерулері мен 
демонстрациялар  ұйымдастыру  мен  өткізудің  тәртібін  бұзу, 
каратэге үйрету ережелерін бұзу, төл құжатсыз немесе жазылу 
арқылы тіркелмей тұру, кедең ережелерін бұзу, контраббанда. 
Бұл  әректтердің толық тізімі ӘПБтК-тің 14-тарауында берілген.
Әкімшілік құқықтың жиынтық (комплекстік) сипаты болған-
дықтан әкімшілік жауаптылық құқықтың басқа салаларының 
нормаларымен де қаралады,олар: қаржы, жер, экология және 
басқалармен.
Өкінішке  орай  қазіргі  кезде  барлық  әкімшілік  құқық 
бұзушылықтың  кодекстенген  тізімі  жоқ,  ал  құқық  қолдану 


205
қызметінде  айтарлықтай  қиындықтар  туғызады.  Сондықтан 
жаңадан жасалынып, қабылданатын Әкімшілік құқық бұзушылық 
туралы кодексте бұл жағдай ескерілетін болар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет