266
зор. Көптеген жағдайларда азаматтық-құқықтық нормативтік
актілер бұрын қолданылып келген нормативтік актінің күшін
жоятын немесе оның мазмұнын өзгертетін жаңа нормативтік
актінің қабылдануы нәтижесінде өз күшін жояды.Мәселен,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңеснің «Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексін күшіне енгізу туралы»
1994 жылы 27-желтоқсандағы қаулысымен «Меншік туралы»,
«Кәсіпорындар туралы», «Кепіл туралы» заңдардың күші
жойылды деп танылды.
5. Азаматтық заңдардың кеңістікте және адамдар тобы
бойынша қолданылуы.Азаматтық-құқықтық нормативтік актілер
Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.
Алайда Азаматтык-құқықтық нормативтік акт шығарған орган
сол актінің қолданылу аумағын шектеу мүмкін.
6. Азаматтық заңдар адамдардың тобы бойынша да нақ
осылайша қолданылады. Атап айтқанда, заңдар Қазақстан
Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларына қолда-
нылады. Азаматтық кодекстің 3-бабының 7-тармағында шетелдік
жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар
нақ сондай құқықтарды сатып алуға құқықты емес және заң
актілерінде өзгеше көзделмесе, азаматтық заңдарда Қазақстан
Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары үшін қандай
міндеттер көзделсе, нақ сондай міндеттерді орындауы міндетті.
Кейде нормативтік актінің өзінде оның барша жұртқа емес,
белгілі бір адамдар тобына ғана қолданылатыны белгіленеді.
Мысалы, «шетелдік инвестициялар туралы» заң шетелдік
инвесторларға қолданылады, оларға мыналар жатқызылады:
шетелдік заңды тұлғалар; өздері азаматтығында тұратын немесе
тұрғылықты жері деп санайтын елде шаруашылық қызметін
жүргізу үшін тіркелген жағдайда шетелдік азаматтар, азаматтығы
жоқ адамдар, Қазақстан Республикасының азаматтары; шет
мемлекеттер; халықаралық ұйымдар.
Достарыңызбен бөлісу: