296
1.Еңбек бостандығы еңбек шарты бостандығының салалық
принципіне ауысады.
2.Денсаулық сақтау құқығы қауіпсіздік пен тазалық
талаптарына жауап беретін еңбек жағдайлары құқығында нақ-
тыланады.
3.Еркін бірлестіктерге құқық нақ өндірістік кәсіптік
мүдделерді қамтамасыз ету және қорғау үшін кәсіптік одақтарға
бірігу құқығы еңбек құқығы принципіне ауысады.
4.Өз құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқығы ереуілге
шығу құқығын қоса алғанда,оларды шешудің заңмен белгіленген
әдістерін пайдалана отырып жеке және ұжымдық еңбек даулары
құқығында нақтыланады.
5.Демалыс құқығы еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін
қызметкерлерге қатысты Конституцияның өзінде,заңмен бегі-
ленген жұмыс уақытының ұзақтығына,демалыс және мерекелік
күндерге,ақы төленетін жыл сайынғы демалысқа белгіленген
кепілдікпен нақтыланады.
6.Еңбекке ақы төлеу принципті де конституциялық дең-
гейде сала ретінде белгіленген,өйткені оладың қызметінің тек
жекелеген нәтижесінің төлемін алумен ғана емес,оның процесімен
байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: