Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет546/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   542   543   544   545   546   547   548   549   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
611 
тез қарқынмен дамуына зор әсерін тигізсе керек. Дүниенің ішкі сырын ашып, оны өз 
пайдасына жаратып, ақырында сол Табиғатты өз еркіне көндіру - талай ғасырлар 
бойы жаратылыстану ғылымдарын дамытудағы бағыт болды десек ақиқаттан алшақ 
болмайтын сияқтымыз. Өйткені біршама Батыс ойшылдарының өзі-ақ бүгінгі таңдағы 
Еуро-Атлантикалық цивилизацияның терең дағдарысын осы себептен көруде. Бірақ 
бұл мәселенін әлеуметтік-экономикалық жағы тағы да бар. Ол Еуропа топырағына 
Қайта өрлеу заманының келуімен тығыз байланысты (ХУ-ХҮІ ғғ.). Осы кезде 
Италияда теніз саудасы мен балық аулау, мата тоқу т.с.с. кәсіптердің дамуы 
арқасында біршама шаруалар өз кожайындарынан жеке бас бостандығын сатып 
алып, «жаңа байларға» айналып, шеберханаларында өз еркімен келіп, жалданып 
істейтін еңбек күшін пайдаланады. Сонымен капиталистік экономикалық 
қатынастардың негізі пайда болып, тез қарқынмен дами бастайды. Соңында болған 
буржуа-зиялық-демократиялық революциялар барлық адамдарға бас бостандығын 
әкеліп, бүкіл халықты заң жүзінде теңейді. Жаңа қалыптаскан жағдайда әр адам: 
«Мен не істеп өз жағдайымды дұрыстай аламын, қалай отбасымды асыраймын», — 
деген ойға келіп, ізденіске кіріседі. Осы миллиондаған адамдар белсенділігінің 
аркасында капитализм өндіргіш күштерді орасан зор қаркынмен дамытады. Ал ол 
үшін Табиғатқа бет бұрып, оның заңдылықтарын ашу арқылы ғана жаңа құрал-
жабдықтар, технологиялар жасау мүмкін еді. Міне, біздің ойымызша, ғылымның 
ерекше салаға айналып, дамуының негізінде жатқан негізгі себеп осы болса керек. 
Сонымен қатар жоғарыда көрсетілген рухани себептерді де ескеру қажет. 
Қорыта келе, ғылым мен техниканың даму сатыларын былайша көрсетуге 
болады: 
1. ғылымға дейінгі саты (көне заманнан XV ғ. дейін) 
2. қазіргі ғылымның қалыптаса бастауы (XVI - XIX ғ. 70 жж.) 
3. классикалық ғылым мен техника сатысы (XIX ғ. 70 жж. бастап XX ғ. ортасына 
дейін) 
4. XX ғ. ортасынан бастап, осы күнге дейін (постклассикалық саты). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   542   543   544   545   546   547   548   549   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет