Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет2/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 

I тарау. Мәдениет аясындағы философия және оның адам мен қоғам 
өміріндегі алатын орны 
§ 1. Дүниеге көзқарас және оның тарихи формалары 
Адам басқа тіршіліктерге қарағанда ерекше пенде: ол өзін бүкіл Дүниеден бөліп 
алып, оған қарсы қоя алады. Менің осы Дүниедегі орным қандай? Мен бұл өмірге не 
істеу үшін келдім? Адамды Құдай, я болмаса «Ұлы мәртебелі Табиғат» неге жаратты? 
Бұл Дүниені адам танып, түбіне жете алар ма екен? Мені жағалай қоршаған табиғат 
неге шексіз, әртүрлі және сондай әсем? Ертең-ақ бұл әсем Дүниені өлер шағымда 
қалайша қиып кетемін? Егер мен бұл Дүниеге уакытша ғана келсем, онда бұл өмірдің 
мәні неде? деген осындай және мыңдаған басқа сұрақтар адамның ойына оқтын-оқтын 
келеді. Әрбір адам өзінің ой-өрісі, өмірден алған тәжірибесі, жалпы мәдениетінің 
деңгейіне қарай бұл сауалдарға жауап беріп, өзіне тән дүниеге деген көзқарас 
қалыптастырады. 
Алайда қайсыбір Дүниеге деген көзкарасты философияға жатқызуға болмайды, 
өйткені соңғыға тек қана абстрактілік ой-өріс дамуының негізінде Дүниені 
ұғымдармен бейнелеу түрі жатады (аbstігасtіо - латын сөзі, ой арқылы заттың, 
құбылыстың әртүрлі жақтарын бір-бірінен бөліп алып қарау). Олай болса, философия 
-Дүниеге деген дамыған көзқарас түрі. 
Тарихи дүниеге деген көзқарастың тұрпайы түрі алғашқы қауымдық қоғамның 
шеңберінде Дүниеге келеді. Оны біз мифология дейміз (mithos - грек сөзі, баян, 
аңыз, logos - грек сөзі, ілім деген мағына береді). 
Миф - табиғат, қоғам және адам жөніндегі алғашқы тұрпайы фантастикалық 
түсініктер (рhantasia- грек сөзі, қиял, елес). Алғашқы қауымдық қоғамдағы 
әлеуметтік дамудың тым төмендігі, адамның табиғаттың әртүрлі күштеріне қарсы 
тұра алмауы, сонымен қатар өзінің өмірге деген қажеттіктерін өтеу жолындағы сол 
табиғат құбылыстарын сезіну және тусіну іңкәрі - мифтердің Дүниеге келуінің қайнар 
көзі болып табылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет