Нуржігіт Алтынбеков 170
соңғылардың өзі колөнерді әрі қарай дамытуға, оның жаңа түрлерінің пайда болуына
әкеледі (Теріні өте нәзік өңдеу және бояу, моншақтардың әр түрін жасау, алтынды,
қымбат бағалы тастарды өңдеудің жаңа түрлерін ашу т.с.с.)
Сонымен қатар молшылық ой еңбегінің кәсіби түрін тудырып, ғылым тез дами
бастайды, кітаптар шығарылады т.с.с.
Ибн-Халдун жоғарыда көрсетілген ойларымен шектсліп коймай, мәселенің
екінші жағын көрсетеді. Ол - алғашкы салыстырмалы теңдіктен толық теңсіздікке
көшу мәселесі. Бұл процесті ол екі ұғыммен (қосымша) береді. Олар - «асабийя»
және «мульк». Бұл ұғымдар арқылы ойшыл коғамның әлеуметтік-саяси деңгейіне
көтеріледі.
«Асабийя» ұғымынын. этимологиясын ғалымдар «рух», «бірігу», «ұлттық
сезім» ретінде сипаттайды. Бұл ұғым екі сөзден
Ибн-Халдунға философ ретінде адам және коғам мәселесін ешу қажет болған.
Оның ойынша, адамдар ең алдымен азық-түлік табу үшін (онсыз өмір жок) бірігеді.
Екіншіден, олардың бірігуіне себеп болған - ол айнала ортадағы қауіпсіздікті сақтау
қажеттігі. Негізінен, адамға екі қауіп төнеді: бірінші, тағы жыртқыштардан, екінші,
адамдардың өздерінен. Егер бірінші қауіптен адамдар бірігу арқылы, неше түрлі
кұралдарды жасап, оларды пайдалану арқылы қорғанса, екінші қауіпті жеңу үшін
адамдар әлеуметтік ұйымдар жасап, қоғам өмірінде тәртіп орнатулары керек.
Сонымен адам табиғаттан шыққанымен жүре келе, оның шеңберінен асып,
әлеуметтікке көтеріледі. Бірақ, соған қарамастан, адам «табиғаттың туғызған пендесі»
ретінде толығынан айнала қоршаған ортадан тәуелсіз бола алмайды.
Табиғаттың қоғамға тигізетін негізгі әсері - ол ауа райы (иклим). Ол жердің
бетіндегі ауа райына байланысты 7 аймаққа бөледі. Ең суық жерлер (7-6), ең ыстық
(1,2) және қоңыржай (4) аймақтар. Ал 3-ші жә2не 5-ші аймақтар - өтпелі, қоңыр-жайға
жақын аймақтар. Ең суық және ең ыстық аймақтарда тұратындардың мінез-құлқында
шеттен шығу бар, олар қиын жағдайларда өмір сүреді. Олардың дене құрылысы мен