Нуржігіт Алтынбеков 167
Ибн-Халдун - ұлы тарихшы, әлеуметтік және саяси философ Ибн-Халдун (1332-1406жж.) - Шығыс философиясының жұлдыздарының бірі,
сонымен қатар тарихшы, мемлекет қайраткері.
Солтүстік Африкадағы біршама елбасыларын тәрбиелеп, сол елдерде мемлекет
тарабында жұмыс істеген. Ибн-Халдун бірнеше реттей философ-елбасының
басшылығымен «әділетті қоғам» орнату жоспарларын жасап, бірақ сәтсіздікке
ұшыраған. Тағы бір айта кететін мәселе, Ибн-Халдун бірнеше рет Ақсақ Темірмен
кездесіп, оған өзінің ақылын айтқан.
Негізгі еңбегі - көптомды «Араб, парсы, берберлердің тарихынан алынған
өнеге болатын мысалдар кітабы». Бұл еңбекке ол кісі әдейі ерекше кітап ретінде
«Кіріспе» (Аль-Муккадима) жазады, онда негізінен қоғамға деген ұлы ойшылдың
әлеуметтік философиялық көзқарастары көрсетілген.
Енді Ибн-Халдунның философиялық көзқарасына келер болсақ: «Дүние ретке
келтірілген, жетілген, бір-бірімен үйлесімге келген заттардан тұрады. Барлық
заттардың негізінде алғашқы 4 элемент жатыр (су, от, ауа, жер). Олар әртүрлі
бөлшектік өлшемде бір-бірімен қосылғаныменен, біреуі басым болуы қажет, әйтпесе
зат өмір сүре алмайды. Заттың өмір сүруінде шешуші орынды «туа біткен жылу»
алады, ал оның қайнар көзі - отта».
Ибн-Халдун табиғатта болып жатқан үрдістердің адамға тәуелсіз екенін білген.
Ал табиғатта өрлеу бар ма? - деген сұраққа ол кісі былай жауап береді: «Дүниедегі
күрделі субстанцияларға қараңызшы - ол минералдардан басталып, одан кейін
өсімдіктер, жануарлар бірінің артынан бірі Дүниеге келеді. Ең күрделі минералдар ең
тұрпайы өсімдіктерге - мүктерге, ұрықсыздарға айналады. Ең жоғарғы дәрежедегі
өсімдіктер, мысалы, жүзім, пальма сияқтылар, тұрпайы жануарларға, мысалы
моллюскілерге, айналады. Жануарлар әлемі көбейіп және көптүрлі болып, ақырында
ойлау қабілеті бар адамға әкелді. Маймылдың түйсіктері мен қабылдау қасиеттері
бар, ал ойлау жэне түсіну мүмкіндіктері жоқ». Сонымен Еуропа топырағында XIX ғ.