Нуржігіт Алтынбеков 258
айнала қоршаған ортаны өзгерте алатындығы және өзгерту керектігі жөнінде тамаша
ойларды философияға енгізді. Ол үшін олар философияға диалектиканы, яғни даму
тұжырымдамаларын өмірге енгізді.
Неміс философиясының келесі ерекшелігі - Л.Фейербахтан баска барлык неміс
ойшылдары - идеализм бағытының өкілдері. Егер француз ағартушыларының көбі
материалистік атеистік бағытта болса, И.Кант, Г.Гегель, И.Фихте сияқты ұлы
философтарды біз материалистік бағытқа жатқыза алмаймыз. Бұлар, керісінше,
адамның санасы, рухының құдіретті күшін көрсете білді. Сонымен қатар олар рухтың
тарихи дамуын, акыл-ой мен зерденің арасындағы қайшылықтың бар екенін, рухани
өмірдегі ақиқат пен еріктің, ізгілік пен әсемдіктің дүниедегі ең биік тамаша
құндылықтар екенін көрсете білді. Енді әңгімені нақтылай түсіп, сол неміс
классикалық философиясының көрнекті өкілдерінің шығармашылық жолын
сараптайық.
§ 1. И.Канттың өмірі мен шығармашылық жолы Иммануил Кант (1724-1804 жж.) Шығыс Пруссиядағы Кенигсберг (қазіргі
Калининград) қаласында дүниеге келіп, өмір бойы сол жерде өмір сүрген.
Жастайынан әлсіз бала болып, өзінің денсаулығына мұқият қарауға мәжбүр болған.
Өмірінің аяғына шейін қатаң тәртіптің негізінде өмір сүріп, денсаулығын сақтап
қалу үшін тіпті отбасын кұрудан да бас тартқан.
И.Кант 1745 ж. жергілікті университетті бітіргеннен кейін жаратылыстану
мәселелерімен айналысады. Тек 1770 ж. бастап өмірінің соңына дейін философиямен
шұғылданады. И.Канттың бұл өмір кезеңін «сындық кезең» деп зерттеушілер атап
кеткен. Себебі, И.Канттың бұл уақытта жарыққа шығарған үш негізгі еңбектері «сын»
деген сөзден басталады. «Таза зердені сынау»,негізінен, дүниетаным мәселелеріне
арналған, «Практикалық зердені сынау» мораль мәселелеріне, ал «Пайымдау кабілетін сынау» табиғат философиясы мен өнер мәселелеріне арналған.
Өзінің «сындық кезеңге» дейінгі өмір сатысында И.Кант күн жүйесінің пайда