Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет220/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
254 
Гольбах (1723-1789 жж.) өзінің «Табиғат жүйесі» деген көлемді еңбегінде: 
«Өзімен-өзі өмір сүріп жатқан табиғат дүниедеге барлық құбылыстардың себебін 
құрайды», - деген батыл да терең пікірге келеді. Табиғат дегеніміз — орасан зор 
шеберхана. Материяның негізгі өмір сүру тәсілі - қозғалыс. Ал тарту мен инерция 
материяның ең терең табиғи қасиеттері. 
Өзінің әлеуметтік философиясында ғалым адамдарды азаматтылыққа, заңға 
көнуге, елді корғауға, қайсыбір саясаттағы озбырлыққа карсы күресуге, жоғары 
мәдениетті басқару жүйесін орнатуға шақырады. 
Мораль саласындағы негізгі құндылықтарға ол ізгілік, ақиқат, зердені жатқызып
тек соларға ғана табынуға болады деген пікірге келеді. Ол қайсыбір діни көзқарастарды 
қабылдамай, діни надандыктан арылуға шақырады. 
Дидро (1713-1784 жж.) - ұлы француз ағартушыларының бірі. Оның басшылығы 
мен ұйымдастыру қабілетінің арқасында XVIII ғ. «Француз энциклопедиясы» басылып 
шыға бастады (салыстырыңыз: Қазақ совет энциклопедиясы XX ғ. 70-ші жылдарында 
жарық көре бастады). Онда сол кезге дейін жиналған ғылыми деректердің негізінде 
дүниеге жаңа көзқарас, жаңа саяси, құқтық, гуманистік идеялар дүниеге келіп, кеңінен 
қоғамда тарала бастайды. Ол француз халқының рухани жаңаруына өзінің өшпес ізін 
қалдырды. 
Негізгі еңбектері: «Табиғатты түсінудегі ойлар жөнінде», «Д'Аламбердің 
Дидромен сухбаты», «Материя мен қозғалыстын философиялық принциптері» 
т.с.с. 
Егер француз ағартушыларының көпшілігі деистік көзқараста болса, Дидро өзінің 
философиялық көзкарастарында таза материалистік бағытқа көшеді. 
Дүниедегі субстанция біреу ғана - ол материя, ал оның себебі өзінің ішінде, 
сондықтан оны түсініп, тану үшін ешқандай Құдай идеясы керек емес. Материяны 
ешкім жаратқан жоқ, ол өзінің даму заңдылықтарының негізінде мәңгілік өмір сүріп 
жатыр. Дидро материяның өмір сүру тәсілін козғалыстан көреді, сондықтан оларды бір-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет