Нуржігіт Алтынбеков 432
көшейік.
§ 3. Герменевтика Герменевтика сонау көне грек заманында жазылған тарихи мұраларды түсіну
өнері ретінде пайда болды. Орта ғасырларда Батыс Еуропада герменевтика Библиянын
негізгі қағидаларын дұрыс түсіндіру өнеріне айналады.
Қайта өрлеу заманы келгенде, антикалық дәуірде пайда болған мәдени
мұраларды қазіргі тілге аудару қажеттігі пайда болып, ол герменевтиканың негізгі ісіне
айналады.
Жаңа дәуірде ғана герменевтика бірте-бірте жалпы философиялық тұрғыдан
қаралып, ерекше ағымға айналады. Бұл ағымның негізін қалаған неміс діни қайраткері,
философы Ф.Шлейермахер болды. Ол - Платонның барлық шығармаларын алғаш рет
неміс тіліне аударған адам. Оның ойынша, герменевтика - басқа тұлғаның қайталанбас
жақтарын түсінудің өнері, әңгіме оның ойларының мазмұнынан гөрі, оның сөз
саптау мәнерінде, үлгісінде деген пікірде болды.
В.Дильтей герменевтиканы тарихи оқиғалардың ішкі сырын ашатын пән ретінде
қарады. Ол адамзат тарихын табиғат заңдылықтарынан бөлек алып қарайды. Егер
табиғат заңдылықтарын біз практикалық іс-әрекет, таным арқылы ашып, болашақ
ұрпақтарға дәріс беру арқылы жеткізсек, өткен адамзат тарихының беттерін, сол
заманда өмір сүрген адамдардың ішкі жан дүниесінің тебіренісін зерттеу
үшін сол замандағы ахуалға өту, түйсіну, тебірену арқылы ғана жетуге болады
деген пікірге келеді. Олай болса, өткен тарихқа сол заманда өмір сүрген ұлы
адамдардың өмірбаянын, ішкі рухани тебіреністерін түсініп қана баға беруге болады.
Феноменология ағымының негізін қалаушы Ә.Гуссерльге келер болсақ, ол белгілі
бір дәуірді жете тұсіну үшін, сол кездегі қоғамның «өмірлік дүниесінің»
ерекшелігін зерттеу қажет деген пікірге келеді. Сонда ғана сол дәуірде өмір сүрген
адамдардың өмір сезімін, мәдени мұраларының мән-мағынасын ашуға болады.