Нуржігіт Алтынбеков 429
Постпозитивизмнің келесі өкілі Пауль Фейерабендтің ойынша, ғылымда
әрқашанда мойындалған теорияларға қарсы бағытталған теориялар жасалуы
керек, сонда ғана олардың арасында өзара бәсекелестік пайда болып, ғылымның
дамуы тездейді. Ғылыми теорияларда пайдаланылатын терминдер әрбіреуінде тек
өзіне ғана тән мазмұнға ие болады. Бір теориядағы терминдер екінші теорияға
енгізілсе, олардың мазмұны дереу өзгереді. Сондықтан оларды бір-бірімен
салыстырып баға беру мүмкін емес. Олай болса, әрбір ғалым өзінің теориясын
жасауға мүмкіндік алады. Бәсекелестіктің негізінде жеңіске жеткен теория ақиқатқа
жақын, я болмаса оған сәйкес келгенінен емес, ол - соны қолдайтын қауымнын
насихатының жемісі. Олай болса, ғылым - қоғам өміріндегі басқа идеологиялық
институттар сиякты: оның дін, миф, философия т.с.с. айырмашылығы шамалы.
Сондықтан олардың бәрі де тең құқылы болуы қажет. Бұл қорытынды
неопозитивизм ағымынын шығармашылық потенциалының сарқыла бастағанын
көрсетеді. Дегенмен неопозитивизм шеңберіндегі әр ағымның өз жағымды
жақтары бар - олардың бәрі де ғылым философиясында кеңінен пайдаланылады.
§ 2. Феноменология Дүниетаным мәселелерімен айналысқан XX ғ. келесі ағым -феноменология.
Негізін қалаған Әдмунд Гуссерль (1859-1938 жж.). Ойшыл өзінің еңбектерінде
«Заттардың өзіне қарай!»деген ұран тастады, өйткені сол кездегі И.Канттың
ізбасарлары ғылыми таным жолында шындықты ұғымдар арқылы құруға болады деген
көзқараста болды. Екінші жағынан, ол неопозитивистердің шындықтың сезімдік
деректердің негізінде «тікелей берілгені» жөніндегі қағидасына қарсы бағытталған
болатын.
Өз заманындағы таным теорияларын сынға алғанда Ә.Гуссерль тағы да келесі екі
ұғымды бір-біріне қарсы қояды. Олар білім мен пікір. Еуропалық мәдениеттің