Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология


А.Адлер фрейдизм іліміне «кқомпенсация»



Pdf көрінісі
бет384/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   380   381   382   383   384   385   386   387   ...   692
А.Адлер фрейдизм іліміне «кқомпенсация» (толықтыру) ұғымын кіргізеді. 
Қайсыбір адамның психикасында өзінің дене кемшіліктерін сезінудің негізінде «өзіне 
деген сенімсіздік» бишаралық сезім пайда болады. Тұлға оны аттап өту жолында 
өзінің барлық шығармашылық мүмкіндіктерін сыртқа шығаруға тырысады. Осы 
адамның өз-өзін өмірде нағыз болуға итерген іс-әрекетін А.Адлер компенсация дейді. 
Ал адам осы жолда «компенсациядац да үстем» іс-әрекет жасаса, онда ол ұлылық 
дәрежесіне көтерілуі мүмкін (мысалы, Наполеонның денесінің кішілігі, Гитлердің аяғың 
сылтып басуы т.с.с. - олардың дене кемшіліктерін ұлы істер арқылы компенсациялау 
әрекетін тудырды деген пікір әдебиетте бар). 


Нуржігіт Алтынбеков 
445 
К.Хорни тұлғаның дамуының екі жолын көрсетеді - ол норма мен паталогия. 
Бірінші жолда адам өз табиғи дарындарың өзінің қабілеттеріне айналдырып, оларды 
дамытуға тырысады. Екіншіде адамның мінез-құлқында теріс өзгерістер қорланып
невроз ауруына әкеледі. К.Хорни оны әлеуметтік себептермен («ауру» қоғамның 
салдарлары) генетикалық (өзара тұлғалық және әке-шеше мен бала арасындағы теріс 
қарым-қатынастардың қалыптасуы) және «мәндік» (тұлғаның өз мүмкіншіліктерін 
іске асыру жолында жалған жолға түсіп кетуі) өзгерістермен ұштастырады. 
Неофрейдизмнің ұлы өкілі есебінде американ философы Эрих Фроммды 
айтуға болады. Оның ойынша, тұлғаның ешқандай туа біткен психикалық қасиеттері 
жоқ. Тұлғаның барлық психиқалық өзгерістері мен өмірдегі көріністері оның қоғам 
өміріндегі қатынастарға тереңдеу деңгейімен байланысты. Қазіргі қоғамдағы 
қатынастар «машиналанған», «компьютерленген» т.с.с. түрде болғандықтан, ол 
адамның шынайы мәнін «жаттандырып», оны неше түрлі невроз ауруларына
әкеледі. Қазіргі қоғам адамның осы дүниедегі «болуының» орнына оған «алуды» 
ұсынады. Сол себепті ол тұлғаның «жинаушылық» , «нарықтық», «енжарлық» т.с.с. 
мінез-құлқын тудырады. Тұлғаның жаттануының ең айқын көріністері -ол адамның


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   380   381   382   383   384   385   386   387   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет