Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет387/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   383   384   385   386   387   388   389   390   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
448 
келеді! Ал дүниеге келген сәбиді алар болсақ, ол анасыз өмір сүре алмайды, оны көп 
жылдар бойы тәрбиелеп өсіру қажет, содан кейін ғана ол өз өмірі жайлы 
сұрақтарды өз алдына қойып, өмірінің мән-мағынасын ашуға тырысады. 
Экзистенциализм философиясында «шекаралық ахуал» 
деген категорияға көп көңіл бөлінеді. Ол - өмір мен өлімнің екі арасында қалу, 
үрей мен алаңдау, түңілу мен қынжылу, уайымдау мен қамқорлық т.с.с. Тек осындай 
адам өмір сүруіне қауіп төнген жағдайда, оның жан дүниесі терең сілкініске 
ұшырағанда, «өмірде болу» тебіренісінің негізінде ғана адам тез пісіп-жетіліп, өз 
өмірінің қайталанбайтын ерекше қалыптасатын мән-мағынасын терең аша алады. 
Экзистенциализм философиясы адамның еріктілігіне ерекше көңіл бөледі.
Еріктілік - «қажеттікті тану», я болмаса «табиғи дарынды іске асыру» емес, ол 
экзистенциямен, яғни өмір сүрумен тең. Адам дегеніміз - өзін-өзінен жасайтын 
пенде. Ол - өзінің өзіндік жоспар-бағдарламасы. Бұл дүниеде еш нәрсе адамды 
билей алмайды. Адамның себебі тек өзінде ғана, ол өзіне «Саиза зиі». Ал еріктілік 
дегеніміздің өзі—таңдау. Адам ерікті пенде ретінде ойына не келсе, соны істей 
алады. Бірақ, сонымен қатар ол өз істеріне жауапты өзі ғана беруі қажет. Сондықтан 
Ж.П.Сартр: «Еріктілік дегеніміз - адамға артылған адамгершіліктің ауыр жүгі», - деген 
болатын. Адам тек өз ісіне ғана емес, басқаларға да жауапкершілікті. Ол өз-өзін жете 
түсінудің арқасында басқалардың да терең сырын өзіне аша алады. 
Адам экзистенциясының іргетасты ерекшеліктерінің бірі -трансценділеу, яғни өз 
шегінен өтіп кету. Сонда адам өз шеңберінен аттап өтіп, не нәрсеге жеткісі келеді? 
Діни экзистенциализм Құдайды трансценденттікпен теңейді. Олай болса, Құдаймен 
қосылуға ынтық болу, нағыз еріктілікті содан іздеу діни трансценділеу болып 
есептеледі. Діни экзистенциализмнің көрнекті өкілі Н.Бердяевтің айтуына қарағанда, 
«адам табиғи дүниедегі үзілгендік», екі-жақты, қайшылық пен қайғылыққа шомылған 
пенде. Сондықтан оны түсіну - одан да жоғары түрған Құдайды талап етеді. Ал мұның 
өзі адамның Құдайға тәуелді пенде екендігін көрсетпейді. Философия адамның 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   383   384   385   386   387   388   389   390   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет