Нуржігіт Алтынбеков 461
ритміне 5 реттей намаз оқу салты да сай келмейді. Араб тілін меңгермеген көп
елдерде халық Құранның мазмұнын біле бермейді, сондықтан бұл құжат басқа
тілдерге аударылып, намаз халықтардың өз тілінде өтуі қажет т.с.с.
Шығыс елдеріндегі мыңдаған жылдар ішіндегі философия саласындағы
қалыптасқан дәстүр - ол сенім шеңберіндегі ойлау мен тебірену. Сондықтан Шығыс
философиясын діннен бөліп алып қарау тіпті мүмкін емес.
Енді Шығыс елдеріндегі діни-рухани ахуалға келер болсақ онда «Құдай ашылған»
діндермен қатар (Христиандық, Ислам) «Құдайды ашпаған» діндер де бар
(Конфуциандық, даосизм буддизм). Бірінші діндерге келер болсақ, ондағы Құдай
трансцедентті, абсолютті, кеңістік пен уақыттың шеңберінен ары жатқан мәңгілікті. Ол
адамзатқа өзінің «сөзімен» ашылады.
Екінші діннің түрлеріне келер болсақ, ондағы Құдай - дүниенің рухани алғышарты
болғанымен, бірақ ол тұлға емес. Құдай -болмыстың ең биік сатысы, ол табиғаттан
бөлінбеген, бірақ Ол ұғымның тозағына тұспейді, Оны сөзбен жеткізе алмаймыз.
Мұндай жағдай Құдай жөніндегі арнаулы ілімді (теологияны) талап етпейді. Сонымен
қатар Табиғатқа деген табыну сезімін тудырып, оны қайта өзгертуге бағытталған іс-
әрекеттерді теріске шығарады. Егер христиандық дін Құдай өзі жаратқан жетілмеген
табиғатты тарту ретінде адамға беріп, оны танып-біліп, қайта өзгерту, өз мүддесіне
жарату, оған өз билігін жүргізу құқын берген болса, «Құдай ашылмаған» діндерде
Табиғатқа адам өз билігін жүргізе алмайды, оған табыну қайсыбір үстемдікті теріске
шығарады, адам табиғатқа тиіспей, тек қана өз-өзін ғана өзгертіп, өне бойы жетілу
үстінде болуы керек.
XX ғ. аяғына қарай дүниедегі ең жас дін - исламның рухани ықпалында өмір сүріп
жатқан елдерде діни сананың күрт өсуі байқалады. Оның негізгі себебі осы діннің
ерекшелігінде жатса керек. Ислам - тек қана адамның жан дүниесін баурайтын дін
ғана емес, сонымен қатар ол қоғам болмысының әлеуметтік, саяси, құқтық салаларын да бақылауға алып отырады. Мысалы, Аятолла Хомейни (Иран