Нуржігіт Алтынбеков 458
Әсіресе енжарлың, мойынсұнушылықты сынға алады. Адам өмірге белсенді түрде
қатысуы керек, яғни оның өмірдегі негізгі мақсат-мұраты - жасампазды еңбек дәржесіне көтерілу болмақ. «Жақсы христианин дүниенің жаратылу процесіне белсенді
қатысады, цивилизациялық ағымның белсенді мүшесіне айналады». Жамандық -
енжарлық, жақсылық - белсенділік.
Сонымен бірге П.Т. де Шарден ұжымдық өмір сүруге шақырады. Жалғыздықтағы
адам рухани жетіле алмайды. «Менің» жетілуім ұжымдық сана арқылы ғана жүрмек.
Қазіргі қоғамдағы дағдарыс - өрлеудің дағдарысы. Адамзат дүниенің әрі қарай
өрлеуінің негізгі күшіне айналғанын сезінеді, екінші жағынан, осы сезімнен қорқып,
оған күмәндана бастайды. Ал осы ізгілікті істі әрі қарай жалғастыру үшін, адамзатқа
белгілі бір рухани тірек қажет. Ол тек «өмірден де жоғары»құдіретті күш болуын
талап етеді. Ол адамзаттың алдында әрқашанда шамшырақтай жанып тұруы керек. Ол
оны аспандағы ең күшті жарқыраған жұлдызға теңеп, оған «Омега» нүктесі деген ат
қояды.
Ойшылдың ойынша, Омега - кеңістік пен уақыт шеңберінен тыс, дүниенің
алдында тұрып, өзінің психикалық радиалдық энергиясы арқылы бүкіл өмір сүріп
жатқанның бәріне де өз әсерін тигізіп жатқан кұдіретті күш. Ол күш, негізінен алғанда,
сүйіспеншілік, ал оның ең кішкентай ұрығы - ол молекуланың ішке тарту күші. Сонымен П.Т. де Шарденнің Омегасы христиан дінінің Құдайына ұқсамайды, ол - таза
рух, сананың жиынтығы, сонымен қатар дүниенің әрі қарай дамып, күрделенуінің
негізгі себебі.
П.Т. де Шарденнің философиясы XX ғ. адамзат ой-өрісіне өзінің зор ықпалын
тигізді. Оның себептерінің бірі - ғылынның жетістіктеріне сүйене отырып, дүниенің
дамуы жөніндегі біртұтас ілімді тудыру қажеттігін көрсеткенінде болса керек.
Екіншідең оның адамзатты жасампаздық еңбекке, соның негізінде жер бетінде
ноосфераны тудыруға шақырған шабытты ойлары да кеп адамдарға
өзінің зор әсерін
тигізді. Үшіншіден, оның адамға деген зор сенімі гуманизм мен өрлеудің бір-бірімен