«қайсыбір құбылыс мәнді, ал мәннің өзі ертелі-кеш құбылыстар арқылы өзін
көрсетеді» деген пікірге келеді.
Нуржігіт Алтынбеков
499
Бүгінгі таңдағы философияда да осы категориялар жөнінде әртүрлі түсініктер бар.
Неопозитивизм шынайы өмір сүретін сезімдік деректерді ғана (құбылыстарды)
мойындайды. Ал экзистенциализмге келер болсақ, ол адам өмірінің мәні тек
«шекаралық ахуалда» — өлім мен өмірдің екі ортасында ғана ашылуы мүмкін, -деген
пікірге келеді.
Әрине, құбылыс пен мән — болмыстың өзіне тән, оған терең тамырланған,
олардың қайнар көзі - Дүниенің өзінде. Қайсыбір зат өзінің қайталанбас жағымен
көрінуге «тырысқанмен», сонымен бірге оны басқа заттармен біріктіретін
жалпы қасиетгерін дс көрсетпей коймайды. Сондықтан қүбылыстарды зерттеп,
салыс-тырып, ой елегінде олардың жалпы ұқсас жақтарын ғана қалдырып,
қайталанбайтын ерекше жактарынан бас тартудың арқасында жеке әртурлі заттардың
ұқсастығын анықтауға болады. Алайда мұндай жағдайда заттардың тек ұқсас
жақтарын анықтап, сонымен қатар оның тек өзіне тән ұқсамайтын көрінісін көрсете
алмас едік. Олай болса, мәнге тек заттарды біріктіретін ұқсас жақтарымен қатар,
онымен бірге кұйыла біткен оның ерекше мазмүны да кіреді, әр зат арқылы белгілі
мән өзін байытады, болмыстағы жаңа көріністерін табады. Өйткені құбылыс тек
қана мәннің ерекше көрінісі ғана емес, сонымен бірге басқа заттармен
байланысқа түсіп, оны өз бойына сіңіреді. Ал қайсыбір құбылыс мәнді
болғандықтан, ол сол жаңа байланыстар арқылы мәннің өзін өзгертіп, әрі
қарай дамытады.
Сарапталған категориялардың танымдағы рөлі өте зор. Адам тікелей зерттеліп
жатқан заттың мәнін аша алмайды. Зерттеу сатысы құбылыстарды талдап, олардың
ортақ жақтарын анықтаудан басталады. Осы жолда ғылымда сезімдік нақтылықтан
абстрактіліқ ұғымдарға өрлеуді байқауға болады. Алайда бұл абстрактілік мән ғана.
Одан әрі қарай өрлеу қажет, яғни қайтадан ой елегі арқылы ашылған мәнге
құбылыстың ерекше байлығын қосып, заттың ойлық-нақтылы көрінісін жасау
қажет. Сонда ғана біз заттың ішкі сырымен қатар, оның құбылыстарының
|