Нуржігіт Алтынбеков 497
көрінісі болды. Отандык мәдениет дамуының жаңа сапалы сатысы ашылып, ұлттық
руханияттың қайнар көздері ой елегінен өткізіле бастады.
Сонымен қатар кемшіліктер де жоқ емес. Ол ең алдымен елдін экономикалық
қауіпсіздігінде жатқан сияқты. Энергетикалық ресурстарды көптеп сыртқа шығарсақ
та, осы уақытқа шейін Ресей, Өзбекстан сияқты елдердің газы мен мұнайына
тәуелдіміз. Ұлттық іскер топтар тек сауда-саттықпен айналысып, өз өндірісімізді
дамытуға аса ынта көрсетпей отыр. Біржақты мұнайға басымдық жасау елді
трансұлттық компанияларға тәуелді етуі мүмкін. Екінші жағынан, біз табиғи
байлықтардың шексіз емес екенін ұмыт қалдырған сияқтымыз, олар болашақ
ұрпақтарға да керек емес пе?!
Реформалар барысында өткен қоғамды тотальды (бірегей, мүлде) терістеу орын
алды. Ал оның өзі тәуелсіздік ұғымына түбегейлі қайшы, өйткені философиялық
тұрғыдан келгенде, ол өз болмысымыздың терең қайнар көздерінен бас тартумен бірдей. Ондай жағдайда болашақта тәуелсіз дамудың өзі де мүмкін болмай қалар еді.
Алғашқы кезде жекеменшікке негізделген экономикада «Адам Смиттің
«көрінбейтін қолы» бәрін де стихиялық түрде өз қалпына келтіреді», - деген
романтикалық қиялдың болғаны да рас. «Ең алдымен экономиканы дұрыстап алайык,
қалғанының бәрі содан кейін өз ретіне келеді», - деген сорақы пікірлер де болды.
Бүгінгі таңда олардың бәрі қайта ой елегінен еткізіліп, жіберілген қателіктер
түзетілуде.
Келесі бір естен шығармайтын жайт реформалардыи бүкіләлемдік рухани
дағдарыстың астарында өтуінде. Сондықтан, басқа елдердің құндылықтарын
таңдамалы түрде кабылдап қана өз-өзімізді сақтай аламыз, яғни тәуелсіздігімізді
уыстан шығармаймыз. Түбегейлі өзгерістер барысында қазақ халқының мыңдаған
жылдардағы тарихында тудырған рухани құндылықтарын сақтап қалуымыз керек.
Олар: табиғатты аялау, жетім мен әлсіздерге ұшын беру, әділеттілік, ар-