Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет469/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   465   466   467   468   469   470   471   472   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
531 
коғам болуы керек деген сұраққа жауап бермейді. Бұл, әрине, дамуды толығынан 
терістеу деген сөз. 
Қорыта келе, конструктивті терістеу дамудың негізгі жолын анықтайтын болса, 
деструктивті терістеу де тәуелді түрде оның элементтерін құрайтынын байқадық. 
Соңғыны толығынан даму үрдісінен алып тастау мүмкін емес. Деструктивті терістеуді 
толығынан заттың «жоқтыққа» айналуы деп түсіну қателік болар еді. 
Үшіншіден, диалектикалық терістеу бір сатымен аяқталмайды. Бірінші 
терістеуде зат өзінің бұрынғы болмысынан қарама-қарсы жағына өтеді, мүнда әлі 
даму бағыттығы жоқ. Ол келесі сатыда екінші терістеуді кажетті түрде талап 
етеді. Екінші терістеуде зат өзінің бұрынғы сатысына қайтып оралғандай болады. 
Бірақ оны жабық шеңбер ретінде түсіну дұрыс болмас еді. Зат тек бұрынғы ахуалына 
қайтып оралғандай ғана болады, ал шынында, ол өткен жолындағы бүкіл жаңа 
мазмұнды бойына сіңіріп, өткен сатыдан әркашанда биік дәрежеде тұрады. Яғни 
бастапқы нүктемен қайтып оралған нүкте бір-бірімен қосылмайды, екінші нүкте -
биікте. Оны қағаз бетіне түсірсек, кеңейіп жатқан спиральды көреміз. Келесі 
айналым одан да гөрі кең биіктікке ұмтылған шеңберді кұрайды т.с.с. Мұндай екі 
сатыдан түратын терістеуді әдебиетте диалектикалық синтез заңы (бұрын терістеуді 
терістеу заңы деген болатын) дейді. 
Алайда философиялық әдебиетте бұл заңның 
терең мән-мағынасын 
бұрмалаушылық та кездеседі. «Бұл заңның мәнін тек екі сатылық терістеуге теңеуге 
болмайды, ол гегельяндық диалектикалық ойын болар еді. Шынында, Табиғаттағы 
үрдістер 3,4,5,6,7 т.с.с. сатылардан тұруы мүмкін» - деген пікір кең тараған. Оған 
мысал ретінде көбінесе Д.И.Менделеевтің химиялык элементтердің бір-біріне алмасу 
заңдылығы келтіріледі. 
Бұл пікірді теріске шығару үшін әлгі аталған ұлы Гегельдің «диалектикалық 
ойынының» мәнін зерттеп қарайық. Гегельдің ойынша, «қайшылық» пен 
«үштік»(триада) диалектиканың (яғни даму ілімінің) өзегін құрайды. Абсолюттік идея 
«үштік» арқылы өз-өзін танып, ширатып, абсолюттік рух сатысына көтеріледі. Олар 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   465   466   467   468   469   470   471   472   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет