Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет465/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   461   462   463   464   465   466   467   468   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
527 
Құдайда деген пікірге келеді. (қараныз: П.Т. де Шарден., Феномен человека. М., 
Прогресс, 1998, 165-6.) 
Ал материалистік бағыттағы философия өзінің басынан-ақ материяның өзіндік 
дамуға деген қабілетін мойындаған болатын. Бірақ ол жалпы болжам ретінде 
мыңдаған жылдар бойы өмір сүріп, нақтылы мазмұнға ие болған жоқ-ты. Тек қана XX 
ғ. 70-ші жылдарынан бастап, бельгиялық ғалымдар Г.Хакен мен И.Пригожин жаңа 
ғылым саласын - синергетиканың негіздерін жасап, жоғарыдағы көрсетілген 
материалистік постулатқа жаңа тыныс береді. Синергетика (сіnеrgіа - грек сөзі, 
бірігіп іс-әрекет ету деген мағына береді) - өзіндік ұйымдасу теориясы. Оның негізгі 
идеялары: 
А) ғарышта екі бір-бірімен байланысты үрдіс бар. Оның бірі -қирау, құру, ыдырау 
болса, екіншісі - қайта құрылу, күрделену, ретке келу болмақ. 
В) жасампаздық үрдістің (күрделену мен ретке келтірудің өсуі) қандай жүйе 
болмасын бірегей алгоритмі бар. Ол үшін: дамитын жүйе ашық болуы керек, яғни ол 
айнала қоршаған ортамен зат, энергия, информация алмасуына түсуі қажет; 
жүйе термодинамикалық теңдіктен алшақ болуы қажет. Практикалық тұрде 
Дүниедегі кездесетін жүйелердің бәрі де осындай. Классикалық физикадағы 
бөлініп қаралатын жабық жүйелер - жасанды және идеализацияланған. 
Оның пікірінше, синергетика ғылымы ашық та тұрақтанбаған жүйелерде даму 
үрдісі күрделену мен ретке келудің өсуімен танылады. Алғашқы сатысында даму 
үрдістері бірте-бірте, алдынала болжауға болатын салдарлар әкелуі мүмкін. Бірақ жүре 
келе, дамитын жүйе өзінің тұрақсыздық, аумалық (бифуркация) жағдайына келіп 
тіреледі. Міне, осы сәтте секіріс арқылы зат өзінің жаңа бұрыннан да гөрі 
күрделенген, ретке келу деңгейі өскен сатысына ауысады. Тек бұл арада назар 
аударатын нәрсе - зат өзінің аумалы, тұрақсыз, бифуркация нуктесіне келген кезде, 
«ұлы мәр-тебелі кездейсоқтық» арқасында көп мүмкіндіктердің біреуі ғана іске 
асады. Олай болатын болса, бұл жүйелердің дамуын алдынала болжау мүмкін емес. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   461   462   463   464   465   466   467   468   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет