Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет481/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   477   478   479   480   481   482   483   484   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
543 
оларды талдауды «әлеуметтік философияға» арналған тарауымызда қарастырамыз. 
§ 14. Бүтін және бөлшек 
«Бүтін» және «бөлшек» ұғымдары өзінің мазмұны жағынан «жүйе» және 
«элементке» өте жақын. Дегенмен де олардың айырмашылығы да жоқ емес. 
Бүтін деп өзінің іштей байланысты құрамдас бөлшектерін бірлікке әкеліп, 
оларды анықтайтын зат, я болмаса құбылысты айтамыз. 
Бөлшек деп бүтіннің кұрамына кіріп, оның сапалық қасиеттерін өз бойына 
қабылдайтын зат, я болмаса құбылысты айтамыз. Бүтін мен бөлшектің жүйе мен 
элементтен айырмашылығы - бүтін заттың бірлігін, ерекшелігін көрсетсе, жүйе - 
бірліктің көптілігі арқылы көрінеді. Бөлшек бүтіннен тыс байланысқа түсіп өмір сүре 
алмайды, ал элемент бір жүйенің құрамдас бөлігі ретінде, сонымен қатар, басқа 
байланыстарға да түсуі мүмкін. 
Бөлшек әрқашанда бүтіннің ерекшелігін көрсетеді, сонымен қатар өзіне тән 
ерекшелігін де бойында сақтайды. Ал бүтінге келер болсақ, ол өзінің бөлшектерін 
біріктіріп, солар аркылы өз ерекшеліктерін болмысқа әкеледі. 
Бүтін мен бөлшектің өзара байланысын зерттеуде екі асырасілтеушілік бар. 
Біріншісі бүтінді асыра бағалайды, оны холизм (һоlе - ағылшын сөзі, бүтін) десе, 
екіншісі бөлшекті негізгі деп есептейді, оны меризм (mеrе ағылшын сөзі, қарапайым) 
деп атайды. 
Мысалы, тірі организмді алсақ, меризм оны механикалық, физикалық, 
химиялықтың косындыларына тең деген пікір айтады. Холизм же жоғарыдағы 
үшеуімен қатар, организмнің төртінші, яғни бәрін біріктіріп, оны өмір сүру мен 
дамуға итермелейтін «х-факторды» мойындайды. Соңғы - рухани (Аристотельдің 
сөзімен айтсақ, заттың энтелехиясы), ол танылмайды. 
Мәселенің шын шешіміне келер болсақ, тірі организм өз заңдылықтарының 
(биологиялық) негізінде өмір сүреді, сонымен қатар төменгі козғалыс формалары 
(механик., физик., химиялық) тәуелді түрде оның өмір сүруінде сақталып, өз 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   477   478   479   480   481   482   483   484   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет