Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет489/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   485   486   487   488   489   490   491   492   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
551 
§17.Мүмкіндік пен шындық 
Мүмкіндік пен шындық ұғымдары себептілікті толықтырып, даму барысын терең 
түсінуге мүмкіндік береді. Кең түрде алғанда, шындыққа бүкіл өмір сүріп жатқан 
ғажап Дүние жатады. Тар мағынада шындық деп кеңістік пен уақыттың шеңберінде 
өзінің мән-мағынасына толы нақтылы өмір сүретін жеке объектіні айтамыз. 
Ал мүмкіндікке келер болсақ, ол - заттың бүгінгі болашағы, оның өзгеруі мен 
дамуының көрініс табатын кейбір нышандары, алғы шарттары. 
Бұл категорияларды алғашқы философияға енгізген Аристотель болатын (dinamis 
грек сөзі,мүмкіндік,energeia- шындық;латынша:actus-шындық,potentia-мүмкіндік)). 
Оның ойынша, қозғалыс пен даму дегеніміз - мүмкіндіктің шындьққа айналуы: ұрық - 
болашақ адамның мүмкіндігі, жерде жаткан мәрмәр тас - Венера мүсінінің мүмкіндігі, 
тастың шындығы, кірпіш - саздың шындығы, үйдің мүмкіндігі т.с.с. Аристотельдің 
ойынша, материя — таза мүмкіндік қана. Оны шындыққа айналдыратын эйдос, форма 
ғана. Кейбір кезде ол энтелехия ұғымын пайдаланады. 
Ортағасырлық философияда Аристотельдің кіргізген осы ұғымдары оның негізгі 
категорияларына айналады. 
Жаңа дәуірдегі көп ойшылдар шындықтағы себептілікті зерттеуге көп көңіл 
бөліп, мүмкіндікті теріске шығарып, я болмаса оны кездейсоқтықпен теңеді. Ал 
Кантқа келер болсақ, ол оларды тек қана ойға берілген априорлық модальдік 
категориялар ретінде түсінді. 
Гегель мүмкіндік пен шындықты абсолюттік идеяны өз-өзін танудағы белгілі бір 
сатысындағы туындылары деп түсінді. Осы тұрғыдан алғанда, мүмкіндік - 
шындықтың абстрактылық сәті ғана, ал соңғы – мән-мағына мен өмір сүрудің, 
ішкі мен сыртқының бірлігі нақтылы болмыс. 
Маркстік философияда бұл категориялар Дүниенің қозғалуы мен дамуының 
негізгі сәттері ретінде қаралады. Олар бейорганикалық, тіршілік, қоғам, ойлауда өз 
көріністерін табады: қайсыбір мүмкіндік белгілі жағдайда шындыққа айналады да, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   485   486   487   488   489   490   491   492   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет