Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет582/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   578   579   580   581   582   583   584   585   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
648 
шешімдер заң жүзінде іске аспаса, ол бос сөзге айналып кететіні тағы да бар. 
Жоғарыда көрсетілген осы салалар қоғамның негізінде жатқан рухани 
кұндылықтарға сай келмей тағы да болмайды. Егер халық мыңдаған жылдардағы
қалыптасқан рухани құндылыктарынан айырылып қалса, ол өз-өзін танымайтын 
белгілі бір қүбыжыққа айнальш, тарихтан жоғалып кетер еді. Тілінен, салты мен 
әдет-ғұрпынан айырылып, «мен орыспын» деп жүрген каншама Сібір халықтарының 
өкілдерін бүгінгі Ресейден көруге болады! Дегенмен де қоғамды әрі қарай талдау 
жолында осы салаларды теориялық тұрғыдан бір-бірінен бөліп алып қарау қажет. 
а) әлеуметтік-экономикалық философия 
Қоғамның өмір сүру тәсілі басқа бүкіл жер бетіндегі тіршіліктерден бөлек. Егерде 
дамыған жануарлар ең керемет дегенде өзіне керек қоректерді жинаса, адам оларды 
өндіреді. Мәселеге тереңірек ұңілсек, еңбек ету, материалдық өндірісті тудыру арқылы 
адамның өзі адам ретінде қалыптасқан жоқ па? Тағы табиғатта қалалар, бау-бақша, 
неше түрлі машиналар, электрондық байланыс жүйелері т.с.с. жоқ емес пе? Оларды 
жасаған - адам. 
Қазіргі адам (ғылыми тілде - кроманьон адамы) өзінің дене құрылысы 
ерекшеліктерімен осыдан 35-40 мың жылдар бұрын қалыптасып, дүниеге келді. Бірінші 
даму сатысында олар еңбек құралдарын тас пен сүйектен, ағаш пен мүйізден т.с.с. 
жасады. Олар, негізінен, аң аулау, өсімдіктерді жинау, соңынан балық аулау сияқты 
істермен айналысты. Өндіргіш күштердің деңгейінің төмендігі соншалықты, 
өндірілген тамақ тек олардың бұл өмірде тірі қалуын ғана қамтамасыз етгі. 
Жүре келе, шаруашылық саласында нағыз төңкеріс, мал бағу мен жер өңдеу пайда 
болған кезде келеді. Оны ғылымда аграрлық революция дейді. Мысалы, біздің арғы 
бабаларымыз Сары-Арқа даласында тағы жануарларды үйретіп, оларды малға 
айналдырып, солардың сүті мен етін, жүні мен терісін пайдалана бастады, ал Сыр, 
Іле, Шу бойында жерді өңдеп, дақылдарды өсіру шаруашылық түрі пайда болды. 
Егер бұрын адам тағы табиғаттағы дайын қоректерді жинаумен айналысса, енді 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   578   579   580   581   582   583   584   585   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет